Менің тәжірибем: Жасанды интеллект смартфондарда – бұл жай ғана тренд емес

Соңғы айларда мен AI технологияларына негізделген смартфондарды зерттеумен айналысып жүрмін. Бастапқыда бұл тек маркетингтік айла сияқты көрінгені рас, себебі «AI камера», «ақылды фокус» деген жазулар қаптап кеткен. Бірақ HONOR 400 смартфонын қолыма алғаннан кейін көзқарасым мүлде өзгерді.

Неліктен мен HONOR 400-ге назар аудардым десеңіз, алдымен, мен үшін баға маңызды болды – 400 000 теңгеден аспайтын құрылғы іздедім. Бірақ сонымен қатар, мен AI мүмкіндіктерінің шын мәнінде неге қабілетті екенін көргім келді.

HONOR 400 таңдау себебім – бұл құрылғыда 22-ден астам AI құралы бар екен. Камерасы ерекше:

  • 200 МП негізгі линза – өте анық түсіреді

  • 12 МП ультракең бұрыш – пейзаждар үшін керемет

  • 50 МП селфи камерасы – мен бұрын-соңды мұндай сапалы селфи көрмеген шығармын

AI функциялары: жай ғана “ақылды камера” емес. Суретке түсірген кезде, AI Super Zoom функциясы алыстағы нысандарды бұлыңғыр қылмай түсіреді. Ал AI Portrait Snap бет әлпетті табиғи әрі әдемі өңдейді. Бірақ мені ең қатты таң қалдырған – AI Editing:

  • AI Eraser – фондағы қажетсіз адамды өшіремін деп Photoshop ашпай-ақ қойдым

  • AI Outpainting – суреттің шетін толықтырып, композицияны сақтап қалуға көмектесті

  • AI Face Tune – көздерімді ашып түсірмеген кадрды да «құтқарып» алды

HONOR 400: Ақылды, қуатты және күнделікті өмірге арналған сенімді серіктес

Сонымен қатар, жаңадан қосылған AI Image to Video деген мүмкіндік бар. Яғни, бірнеше фотоны жүктеп, бірнеше секунд ішінде әсерлі видео жасап бере алады. Бұл әсіресе саяхаттағы естеліктерді бөлісуге ыңғайлы екен.

Бұған дейінгі смартфондармен салыстырсақ. Мен Samsung Galaxy A сериясын да, Xiaomi Redmi Note модельдерін де қолданып көрдім. Онда да AI бар, бірақ көбіне тек сцена оптимизациясы немесе автофокус деңгейінде. Ал HONOR 400-де мен AI-дың шығармашылық құралға айналғанын байқадым.

Неге бұл маңызды деген сұрақ туындайды. Меніңше, AI – тек фотосурет үшін ғана емес. Ол біздің уақытымызды үнемдейді, сапаны жақсартады және креативке шабыт береді. Ал ең бастысы – мұндай мүмкіндіктер қазір кез келген адамға қолжетімді. Бұл флагман емес, орташа бағадағы смартфон.

Бір қадам алға – HONOR Alpha жоспары

Ізденіп жүріп, HONOR компаниясының “Alpha” стратегиясы жайлы оқыдым. Олар AI-ды барлық салада – үй, жұмыс, денсаулық, білім – қолжетімді етуді мақсат еткен. Бұл маған ұнайды. Себебі технология бәрімізге ортақ болуы керек деп санаймын.

Мен үшін HONOR 400 – жай ғана телефон емес, AI технологияларын шынайы пайдалануға мүмкіндік беретін құрал. Бұл менің жеке тәжірибем, бірақ меніңше, бұл болашақтың айқын көрінісі.

Ғазиза Ұзақ