Қазақстандық JET кикшеринг қызметі тиімді әрі қауіпсіз «Минуттар пакеттерін» іске қосты

Қазақстандағы электросамокат пен пауэрбанк жалға беру саласындағы жетекші сервис JET қолданушылар үшін «Минуттық пакеттері» жаңа өнімді ұсынды. Бұл қызмет уақытты үнемдеп қана қоймай, жолда қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Енді уақыт жылдамдықты емес, жайлылықты анықтайды.
Қолданушыға 15 (немесе 20*), 30, 60 және 100 минуттық төрт түрлі пакет ұсынылады. Пакет көлемі артқан сайын оның бағасы тиімдірек болады және қолдану мерзімі де ұзарады. Мысалы, 100 минуттық пакет екі аптаға жарамды.
«Бұрын пайдаланушыларды әр минут үшін төлеу мәселесі алаңдатса, енді біз тегін басталатын минуттық пакеттерді ұсынып отырмыз. Әркім өзіне қажетті уақытты және қолдану мерзімін таңдай алады, ал баға – алдын ала белгілі және бекітілген. Пакет қолданылып тұрғанша самокатты ауыстыруға болады, қосымша төлемсіз. Бұл – жол ережелерін сақтап, асықпай жүруге мүмкіндік береді, яғни өзіңе де, жаяу жүргіншілерге де, басқа жол қозғалысына қатысушыларға да қауіпсіз.
Орташа самокатпен жүру уақыты – күніне 10 минуттан аспайды, сондықтан 15 минуттық пакет бір реттік сапарға өте ыңғайлы. Бұл такси қызметіне қарағанда әлдеқайда тиімді, – дейді JET компаниясының бас директоры Мусалав Алибеков.
Оның айтуынша, Алматы сияқты ірі қалаларда пакеттердің шамамен жартысы қолданушылармен таңдалып отыр. Минуттық пакеттер көбіне көлік құралы ретінде — күнделікті қысқа сапарларға пайдаланылады.
Минуттық пакеттердің артықшылықтары:
-
Уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі;
-
Асықпай жүруге мүмкіндік береді;
-
Бағасы дәстүрлі таксиден арзанырақ;
-
Бірнеше сапар үшін бір пакет жеткілікті;
-
Пакет шеңберінде самокаттарды ауыстыруға болады.
Пакет жұмыс күндері қала ішінде жиі жүретіндерге де, демалыс күндері отбасымен немесе достармен серуендеуді қалайтындарға да ыңғайлы.
Минуттық пакетті қалай қосуға болады:
JET мобильді қосымшасында самокатты жалға алу алдында QR-кодты сканерлегеннен кейін немесе самокат нөмірін енгізген соң, қолданушы интерфейсінде «Минуттық пакеті» жайлы көк түсті хабарлама шығады. Сол жерден қажетті пакетті таңдап, бірден қолдануға болады.
*20 минуттық пакет Баку, Ташкент және Шымкент қалаларында қолжетімді.