Қазақстанда инженерлік аңыздың эволюциясы саналатын жаңартылған Volkswagen Touareg автомобилінің сатылымы басталды

Volkswagen маркасының ресми дистрибьюторы болып табылатын Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіретін Volkswagen Kazakhstan компаниясы жаңартылған Volkswagen Touareg автокөлігінің сатылымы туралы хабарлайды. Бұл модель — әлемдік автоөнеркәсіп тарихындағы ең технологиялық әрі сенімді көліктердің бірі ретінде танылған. Volkswagen маркасының SUV үлгісіндегі флагманы Elegance және R-Line жинақтамаларында ұсынылған және еліміздің барлық ресми дилерлік орталықтарында қолжетімді. Elegance жинақтамасының бастапқы кұны 40,5 миллион теңгеден басталады.
Touareg— инженерлік шеберліктің, неміс дәлдігі мен мінсіз стильдің синонимі. Алғашқы рет жарық көрген сәттен-ақ бұл модель бизнес-класс жайлылығын, жол талғамайтын көліктің сенімділігін және спорттық автомобиль нақышын үйлестіре білген ірі жол талғамайтын көліктердің эталонына айналды.
Автокөліктің жүрегі — 252 а.к. мен айналу сәті 370 Н·м жаңартылған 2.0 литрлік турбомотор, ол 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 6,8 секундта жетуге мүмкіндік береді. Touareg 8 сатылы автоматты беріліс қорабы және интеллектуалды 4MOTION толық жетекті жүйесімен үйлесіп, қала көшелерінен бастап биік таулы жолдарға дейін кез келген жағдайда сенімді, алғыр әрі айқын жүрісті қамтамасыз етеді.
«Жаңартылған Touareg — бұл Volkswagen инженерлік тәсілінің квинтэссенциясы. Оның дизайны онжылдық эволюцияның, тестілеудің және бүкіл әлем бойынша миллиондаған жүргізушілердің кері байланысының нәтижесі болып табылады. Бұл — техникадан хабары бар, жайлылықты бағалайтын және әр бөлшекте сенімділікті талап ететіндер таңдайтын көлік», — деп белгілеп өтті Роман Кузьмин, Volkswagen Kazakhstan компаниясының директоры.
Басты жаңартулар: сыртқы келбеті мен жаңа буындағы технологиялар
Touareg экстерьері бұрынғыдан да жарқынырақ бола түсті. Жаңартылған радиатор торы, аэродинамикалық алдыңғы бампер және R-Line нұсқасындағы спорттық акценттер – барлығы көліктің мәртебесі мен динамикасын айқын көрсетеді.
Ең басты технологиялық жаңалық — IQ.Light HD матрицалық шамдар. Оның әрқайсысының құрамында 19 216 жарықдиод бар және олар нақты уақыт режимінде қозғалыс жағдайына бейімделіп отырады. Бұл керемет көрінімділікті қамтамасыз етіп, қарсы келе жатқан жүргізушілерді шағылыстан барынша қорғайды. Артқы бөліктегі жарықтандырылған жаңа Volkswagen логотипі танымал дизайнға батыл элемент ретінде ерекшелік береді.
XXI ғасыр жүргізушісіне арналған цифрлық салон
Touareg салонының жүйесі бұрынғыдан да ақылды және ыңғайлы етілген. Жүргізушіні Digital Cockpit толық цифрлық құралдар панелі мен Discover Pro Max үлкен 15 дюймдік мультимедиа экраны қарсы алады.
Apple CarPlay және Android Auto жүйелеріне енді сымсыз қосыла алуға болады. Жоғары деңгейдегі акустикалық жайлылық, массаж және желдету функциясы бар ergoComfort орындықтары, премиум өңдеу материалдары, 45 Вт қуаттағы USB-C жалғағыштары, алды-артқы орындықтардың, рөлдің және алдыңғы әйнектің жылыту жүйелері, ойластырылған климат-бақылау — Touareg салонында барлық нәрсе «немісше» ойластырылып жасалған.
Барлық жағдайға бейімделген интеллект
Модельдің технологиялық мүмкіндіктері — оның басты артықшылықтарының бірі. Қауіпсіздік пен жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің арасында мыналар бар:
- Реттелетін клиренспен бейімделгіш пневматикалық аспа
- Night Vision — жылувизоры бар түнгі көру жүйесі
- Жолақта ұстау, соқыр аймақтарды бақылау және соқтығысулардың алдын алу ассистентері
- Айнала шолу жүйесі, артқы көрініс камерасы және Head-Up проекциялық дисплейі
Сонымен қатар, шатырдағы жүктемені анықтайтын датчик: егер көлік ішінде жүк болса, Touareg шассидің және тұрақтандыру жүйелерінің жұмысын өзі автоматты түрде реттей алады.
Touareg – сенімге лайық автомобиль
Барлық автомобильдер тікелей Германиядан жеткізіледі. Бұл жай ғана факт емес, бұл ең жоғары сапа стандарттарына сәйкестіктің кепілі. Touareg – тек көлік жүргізіп қана қоймай, әр сапарда инженерлік тепе-теңдікті, сенімділікті және бақылауды сезінгісі келетіндердің таңдауы.
Жаңартылған Volkswagen Touareg Қазақстандағы Volkswagen Алматы, Астана, Қостанай, Орал, Атырау және Шымкент қалаларындағы ресми дилерлік орталықтарында қолжетімді.