«Халық-Life» АҚ-ы «Bilim-Life» атты жаңа сақтандыру өнімін шығарды
Бүгін «Халық-Life» АҚ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ)
шеңберінде өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасының аясында нарықта бірінші
болып, «Bilim-Life» атты жаңа өнімді шығарды. Бұл өнім Қазақстанның кез келген
азаматына өз баласын біздің елімізде сондай-ақ шетелде жоғарғы оқу орнында оқытуға
қажетті соманы жинақтауға мүмкіндік береді. Айта кетерлік бір жайт, өнім іске қосылғаннан
кейін алғашқы уақыттың ішінде бірнеше клиент Компанияға хабарласып, «Bilim-Life»
шартына қол қойды.
«Бүгін біз мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің аясында көптен күткен «Bilim-Life»
сақтандыру өнімімізді шығарғанымызды және оны көпшілікке таныстыратынымызды
мақтан тұтамыз. Әрине, «Bilim-Life» сақтандыру нарығында бұл бірегей сақтандыру өнімі
болып табылады. Оның пайда болуын біз еліміздегі сақтандыру саласындағы «нағыз
серпіліспен» салыстыра аламыз. Өйткені, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда бірде-бір
сақтандыру қызметі мемлекет тарапынан сыйақы алған жоқ. Әлеуметтік маңыздылығын
ескере отырып, сақтандыру қоғамдастығы мен мемлекеттік институттардың белсенді
жұмысының арқасында бізде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында жаңа
мақсатты сақтандыру өнімі пайда болды. Ата-аналардың болашақта баласына берік
іргетасын қалау мақсатында, оған жақсы білім беріп, оның ересек өмірге дайын болуы
қаншалықты маңызды екенін бәріміз түсінеміз. Енді, міне кез келген қазақстандық ата-ана
өз баласын оқытуға «Bilim-Life» сақтандыру бағдарламасының арқасында жинақтау
сомасына 5% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын ала алады, ал көпбалалы ата — аналар
жылдық 7%-бен қаражат жинақтай алады», — деп түсіндіреді басқарма төрайымы Ж. А.
Жұбаниязова.
«Bilim-Life» бағдарламасы өте қарапайым өнім, оны алудың да жолдары оңай. Өз
балаларының болашақ білімі туралы ойланатын клиент олардың жасын ескере отырып,
жинақтаушы бағдарламаның мерзімін және сақтандыру сыйлықақыларының өзіне ыңғайлы
мөлшерін таңдайды. Бұл ретте «Bilim-Life» бойынша сақтандыру жарналарының мөлшері
айына ең аз дегенде 3 АЕК-тен басталады және оның мөлшері шектелмейді. Мысалы, ата-
аналар қазір 7 жастағы баласына «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша 10 жылға шарт
жасасуды ұйғарды делік. Оның 17 жылдығына орай білім алуға жеткілікті соманы, яғни 10
млн теңгені алу үшін оларға ай сайын 42 мың теңгеден жарна салып отыруы қажет. Жинақтау
мерзімі аяқталғаннан кейін бұл сома бала оқитын білім беру мекемесінің шотына түседі. Бұл
өнім өте тиімді екені айдан анық, өйткені клиент барлық 10 жыл ішінде өзінің жинақталған
қаражатына сақтандыру Компаниясының кірістілігі (2,3 млн теңге) және мемлекеттен
сыйлықақы (2,6 млн теңге) есебінен қомақты қосымша соманы алатын болады. Алайда, бұл
өнімнің ең басты басымдығы сақтандырылған ата-ана үшін сақтандыру қорғанысының
болуы. Шынында да, сақтандырудың бүкіл мерзімі үшін, ал бұл мерзім 20 жылға жетуі
мүмкін, клиент кез-келген себеппен мүгедек болудан немесе өмірден қайтыс болудан
сақтандырылған. Сондықтан сақтандыру Компаниясының клиенттері «Bilim-Life»
бағдарламасы бойынша балаларының ата-аналарымен қандай да бір жағымсыз жағдай орын
алса да, жоғары оқу орнына түскен кезде барлық соманы алуға кепілдік берілетініне сенімді
бола алады.
«Bilim-Life» өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы — бұл сақтандыру қорғанысын
ғана емес, сонымен қатар әрбір ата-анаға өте маңызды қаржылық мақсаттарды жүзеге
асыруға көмектесетін бірегей және икемді қаржы құралы екені сөзсіз. Біз бұдан да бұрын
өмірді сақтандыру нарығында «Bilim-Life» флагмандық өнімдердің бірі болады деп
айтқанбыз. Әрине, әрбір ата-ана бағдарламаны сатып алу туралы неғұрлым ертерек
ойласа, бала университетке түскен кезде оның отбасында оны оқыту үшін жеткілікті сома
болу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады және ол үшін отбасылық шығындарды
азайтуға немесе ақшаны қарызға алудың қажеті жоқ»,- деп атап өтті Басқарма
төрағасының орынбасары А. З. Джексембаев.
«Bilim-Life» өмірді сақтандырудың басқа өнімдерімен салыстырғанда, атап айтқанда
сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне жоғары кепілдендірілген кірістілік
мөлшерлемесімен және мемлекеттен сыйлықақымен бәсекелестік артықшылыққа ие.
Сондай-ақ, егер бала білім беру грантын алатын болса, мұндай жинақтарды сақтандыру
Компаниясынан инвестициялық табыспен және мемлекет сыйлықақысымен алуға немесе
басқа балаға сақтандыруды қайта ресімдеуге болады.
Бұдан басқа, «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша жинақтың мөлшері бойынша шектеу жоқ
және осы жинаққа сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры толық кепілдік береді және
Компания клиенттерінің салықтарды үнемдеуге – салық салынатын кірісті сақтандыру
сыйлықақыларының сомасына (күнтізбелік жылда 320 АЕК-ке дейін) азайтуға мүмкіндігі
болады. Бұл ретте сақтандыру жарналарының мерзімі мен мөлшері шектелмейді. Барлық
сұрақтарды Компанияның байланыс орталығынан 7123 нөмірі бойынша хабарласып,
анықтауға болады.