Цифрлық қауіпсіздік: Жетісуда «Anti-fraud» жүйесі іске асуда

Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Anti-fraud» цифрлық платформасы жүзеге асуда. Бұл алаяқтық белгілеріне қаржылық операцияларды бағалауға және мұндай әрекеттердің алдын алуға арналған автоматтандырылған жүйе.
Жетісу облысының аумағында Ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-алаяқтықтарды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Аnti-fraud» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
«Anti-fraud» ЖПІШ барысында кезекші тәулікте 3 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияларды, интернет-алаяқтықтарды пайдалана отырып жасалған 74 қылмыс анықталды.