Nestlé-ден жаңа KitKat — жақындарға және Жер-анаға арналған қамқорлық

Nestlé KitKat-тың жаңа үлгісін ұсынды – бұл ерекше дәм мен көз тартарлық дизайнды ұсынып қана қоймай, сонымен қатар экологиялық тазалық пен жауапты өндіріске қарай жасалған маңызды қадам болып табылатын шоколад. Қазақстанда қолжетімді бұл жаңа өнім қоршаған ортаға зиянын барынша азайта отырып және этикалық стандарттарға сәйкес өндірілген тауарларға деген тұтынушылардың өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып жасалған.
Компанияның жаһандық тұрақты даму мақсаттарына және құрамының толық қадағалануына ұмтылысына сәйкес, KitKat-тың жаңа форматын өндіру үшін арнайы бағдарламаға қатысатын фермерлерден алынған какао пайдаланылады. Бұл бағдарлама фермерлердің табыс алшақтығын қысқартуға, балалар еңбегі тәуекелдерін азайтуға және үй шаруашылығы мен ауылшаруашылық тәжірибелерінде оң өзгерістерді ынталандыруға бағытталған. 2024 жылы KIT Institute* ұсынған алғашқы нәтижелер 18 ай ішінде фермер отбасыларының табысы 38%-ға артқанын көрсетті.
Жаңа шоколад түрі енді жеке тіскебасар үшін ғана емес, сонымен қатар үзіліс жасап, жақындарыңызбен тәттімен бөліскіңіз келген жайлы сәттерге де жарайды. KitKat шоколадының жаңа қалыбы брендтің ерекшелігіне айналған қытырлақ вафлиді сақтап, кремді салмалармен және көрнекі тартымды «мәрмәр» шоколад үлгісімен толықтырылған. Шоколадтар үш жаңа дәмде ұсынылған: қосарлы шоколад, орман жаңғағы және тұзды карамель.
Салындысы мен шоколад қалыптарының дизайнын әзірлеу Nestlé-дің Йорк қаласындағы (Ұлыбритания) зерттеу орталығында жүргізілді, мұнда компанияның шоколад саласындағы сараптамасы шоғырланған. Жаңа өнім еуропалық тұтынушылардың жүрегін жаулап үлгерді, енді Қазақстан нарығына шығарылуда
Іске қосу культтік брендтің 90 жылдығына орайластырылған. Алғаш рет 1935 жылы Йоркте Rowntree’s Chocolate Crisp деген атаумен шыққан өнім, бірнеше жылдан кейін KitKat атауын алды. Содан бері бренд бүкіл әлемге танымал болды, ал Have a Break, Have a KitKat ұраны үзіліс жасау мен өзіңе қамқорлық жасаудың маңыздылығының символына айналды.