Алматыдағы электр самокаттарымен байланысты оқиғаға қатысты JET компаниясының ресми мәлімдемесі

Instagram платформасын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде (бейнеге сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DNm9O7TtCuC/), бір топ адамның Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойымен электр самокаттарында сағатына 80 шақырымға жуық жылдамдықпен жүріп бара жатқаны туралы бейне жарияланды.
JET компаниясы Қазақстандағы электр самокаттарын жалға беру сервисінің жетекші операторларының бірі ретінде ресми түрде келесіні мәлімдейді: «Ұсынылған бейнеде JET компаниясына, сондай-ақ кез келген басқа кикшеринг компаниясына тиесілі самокаттар бейнеленбеген. Мұнда жылдамдықты сағатына 25 шақырымнан асыруға болатын жекеменшік самокаттар бейнеленген, ал шерингтік самокаттардың мұндай мүмкіндігі бағдарлама арқылы шектелген».
JET өз жұмысын бастағаннан бері қауіпсіз қозғалу мәдениетін белсенді түрде дәріптейді және өз самокаттарының жылдамдығын қатаң бақылауда ұстайды:
- Бүкіл JET самокаттарының жылдамдығы бағдарламалық тұрғыда сағатына 25 шақырым жылдамдықпен шектелген.
- JET қолданбасы пайдаланушыларға қауіпсіздік ережелері туралы үнемі ескертіп отырады және оқу материалдарын ұсынады.
- 2025 жылғы маусым айынан бастап компания айыппұл салу жүйесін енгізді. Осылайша, 2 айда 3462 айыппұл салынды. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылық – тұраққа дұрыс қоймау. Екінші орында — екі адамның мінгесіп жүруі. Үшінші орында — электр самокатының істен шығуы.
«Біз мұндай оқыс оқиғаларға алаңдаушылық білдіреміз және жалға алынған немесе жеке электр самокаттарын пайдаланушылардың барлығына жол қозғалысы ережелерін және рұқсат етілген жылдамдықты сақтауға, өз өмірін қорғауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларын құрметтеуге шақырамыз. Қауіпсіздік — әрбір адамның жауапкершілігі», — деп мәлімдеді JET Бас атқарушы директоры Мусалав Алибеков.
Telegram-канал: Алматыдағы электр самокаттарымен байланысты оқиғаға қатысты JET компаниясының ресми мәлімдемесі


