JET жаяу жүргіншілерді қағып кеткен пайдаланушыға қатысты шаралар қолданды

Қазақстандық JET компаниясы Алматыда орын алған жаяу жүргіншілерге соқтығысу оқиғасына қатысты шаралар қабылдады. Кикшеринг-сервисінің пайдаланушылары, балалы арбасы бар жаяу жүргіншілерді қағып кеткені үшін анықталып, айыппұл салынды.
31 тамыз күні кешке Алматы қаласында, Торайғыров пен Мустафин көшелерінің қиылысында екі жас жігіт ішінде бала бар арбамен келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

JET компаниясының бас директоры Мусалав Алибеков:

«Біздің электросамокатымыздың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы біз үшін терең өкініш тудырады. Біз жол қозғалысы ережелерін және жолдағы тәртіпті кез келген бұзушылықты қатаң айыптаймыз. Пайдаланушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Біз полициядан жедел ақпарат алып, осындай құқықбұзушылықтар үшін пайдаланушыларды дер кезінде жазалап отырамыз. Біз өз клиенттерімізді жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілікпен қарауға және электросамокат – мұқияттылық пен сақтықты қажет ететін көлік құралы екенін есте сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілерге жақындаған кезде жылдамдықты ең төменгі деңгейге дейін азайту қажет. Компания электросамокаттарда қауіпсіз жүру үшін қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастырады. Сондай-ақ, біз жолдағы үйлесімділікті қамтамасыз етіп, жаяу жүргіншілердің мүдделерін қорғауға көмектесетін қолданыстағы заңнамаға түзетулер ұсынатын боламыз»

Құқықтық өріс аясында JET компаниясы самокаттың қашан, қай жерде және қай аккаунттан жалға алынғанын анықтады. Нәтижесінде пайдаланушыға 10 000 теңге айыппұл салынып, аккаунты бұғатталды. Сондай-ақ деректер Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында одан әрі қарастыру үшін Әкімшілік полиция басқармасына берілді.