Антибиотикке төзімділік

ДДҰ 2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімділік жылына 10 млн адамның өліміне әкелуі мүмкін. Бүгінде микробқа қарсы тұрақтылықтан жыл сайын 5 млн адам өледі, оның жарты млн-ға жуығы Еуропа мен Орталық Азияда кездеседі. Қазірдің өзінде антибиотиктерге төзімділік адам денсаулығына қауіп төндіретін 10 жаһандық қауіп-қатердің қатарында.

  1. Антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын маңызды емдік препараттар жиынтығы, бактериялармен күресуге арналған. Бактериялар әртүрлі органдарға әсер етуі мүмкін және сәйкесінше әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін. Сондықтан да, антибиотиктер клиникалық тәжірибенің барлық дерлік салаларында жалғыз кеңінен қолданылатын дәрілердің тобы.
  2. Антибиотиктерге төзімділік дегеніміз не, ол қалай пайда болады және адамдар үшін неліктен қауіпті?

Антибиотиктер – инфекцияларға қарсы күшті қару болып саналады, бірақ кез келген қару жақсы, сенімді қолдарда адамзатқа қызмет етеді, ал ұқыпсыз пайдаланғанда зиян келтіреді.

Антибиотиктерге төзімділік – бактериялардың антибиотик әсеріне қарсы генетикалық қайта құрулар арқылы антибиотикті бейтараптандыра алатын супербактериялардың пайда болуы.

Қазіргі кезде «антибиотиктерге төзімділік» адам денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін ең күрделі қатерлердің бірі. Одан:

  • жұқпалы ауруларды емдеу қиындай түседі;
  • ауруханаға жатқызу мерзімі ұзағырады;
  • медициналық шығындар көбейеді;
  • өлім-жітім саны жоғарылайды.
  1. Антибиотиктерге төзімділікке не себеп болады?
  • антибиотиктерді өздігінен тағайындау;
  • олардың кездейсоқ, шамадан тыс қолданылуы;
  • дәрігердің кеңесінсіз дос, туыс, таныс, интернет кеңесі бойынша бактерияға қарсы препараттарды қабылдау;
  • «бұрын маған осы антибиотик көмектескен» деп қайталап қолдану;
  • антибиотиктерді қысқа курста дұрыс қолданбау;
  • вирустық инфекциялар үшін (ЖРВИ, тұмау, суық тию) қолдану;
  • аздап жеңілдік сезінген кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, ауру қайта қозғанда, антибиотикті қабылдауды жалғастыру, басқа бактерияға қарсы препаратты қолдану.

Осындай жағдайларда тірі қалған патогендік микроорганизмдер антибиотиктерден қорғанудың биохимиялық механизмдерін дамыта алады.

  1. Мұндай жағдайларда біз не істей аламыз және не істеуіміз керек?

Антибиотиктерді тек қатаң көрсеткіштер болған жағдайда, емнің белгіленген курсын (ұзақтығын) қатаң сақтай отырып, тек дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қабылдаған жөн. Әрбір нақты жағдайда антибиотиктерді тағайындаудың орындылығы туралы шешімді тек дәрігер ғана қабылдауы керек!

Есіңізде болсын, антибиотиктер – баға жетпес, алмастырылмайтын ресурс!

Біз барлығымыз осы өмірді сақтайтын препараттарды ұтымды пайдалану және оның тиімділігін сақтау үшін жауаптымыз!

 

Индира Кунбасова,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.