Қытай киносының апталығы Алматыда тегін өтеді

25–30 қараша күндері Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Қытай киносының апталығы өтеді. Көрермендер Beijing International Film Festival таңдаған Tiantan Award Panorama бағдарламасының алты фильмін тегін тамашалай алады.

Tiantan Award – Қытайдың ең беделді халықаралық кинофорумының басты жүлдесі. Апталық аясында ұсынылатын туындылар заманауи қытай кинематографиясының жаңа бағыттары мен көркемдік ізденістерін көрсетеді.

Фильмдер қытай тілінде, орысша субтитрлермен көрсетіледі.

Көрсетілім кестесі:

  • 25 қараша10:00 / 12:30 / 18:30

  • 27 қараша19:00

  • 29 қараша19:00

  • 30 қараша19:00

Ұйымдастырушылардың айтуынша, апталық Алматы көрермендеріне Қытай киноөндірісінің жаңа қырын таныстырып, халықаралық кинематографиядағы жаңа тенденцияларды сезінуге мүмкіндік береді.

Заманауи қытай киносының жаңа әлемін «Арман» кинотеатрында көріңіз!