Қазақстан Red Bull Tetris® чемпионын анықтап, Дубайдағы әлемдік финалға дайындалуда

Қазақстанда Red Bull Tetris® жобасының дебюттік маусымы өз мәресіне жетті. Ұлттық іріктеу рекордтық қызығушылыққа ие болды — ел бойынша 8 мыңға жуық қатысушы мобильді квалификацияда өз күшін сынады. Ал жаһандық деңгейде турнирге 7 миллионнан астам ойыншы қатысты.
Almaty Arena сахнасында өткен Ұлттық финалда үздік сегіз ойыншы Дубайдағы әлемдік финалда ел намысын қорғау құқығын сарапқа салды. Қазақстан чемпионы атанған — алматылық 25 жастағы аналитик Дулат Жұмашев. Ол алғаш рет халықаралық кезеңде Қазақстанды таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
Финалистер құрамы ерекше алуан түрлі болды. Олардың қатарында — Қарағандыдан келген мұғалім Бекзат Дюсенов, физика-техникалық бағыттағы студент, мобильді квалификацияның көшбасшысы Ясмин Башикова, сондай-ақ арнайы финалға ұшып келген ақтөбелік Арман Битлеуов бар.
Финалдық сегіздікке әртүрлі саланың өкілдері енді: дизайнерлер, аналитиктер, студенттер, IT-мамандар және педагогтар.
Классикалық нұсқадан айырмашылығы — Red Bull Tetris тек реакцияға емес, сонымен бірге стратегияға да сүйенеді. Ойыншылар алдын ала қадамдарды есептеп, power-up мүмкіндіктеріне жылдам бейімделіп, қысқа әрі қарқынды раундтарда жағдайды бақылауда ұстап, бөлінген секундтардың ішінде шешім қабылдауы қажет.
Финалда чемпион мен маусым бойы тұрақты ойын көрсеткен Юрий кездесті. Ойын өте динамикалы болды: қарсыластар бірнеше рет лидерлікті алмастырып, power-up-тарды белсенді қолданып, жоғары жылдамдықты сақтап отырды.
Матчтан кейін Юрий былай деді:
«Біз іріктеу кезінде үнемі бірінші және екінші орын үшін таласып жүрдік — және финалда тағы кездестік. Бұл өте қызық болды.»
Бұл кездесу маусымның символикалық нүктесі болды.

Негізгі финалдан кейін әуесқой блогерлер арасында турнир өтті. Онда Қазақстанның ең танымал техноблогерлерінің бірі Максим Якименко ерекше көзге түсті. Ойын басталар алдында ол былай деді:
«Тетрис — менің бала күнімдегі ойын. Кәсіби ойнауды білмеймін, бірақ… еш болмаса батырмаларды басып көремін. Ал джойстикпен — достаспыз.»
Әзіл-сықаққа толы көңіл күйіне қарамастан, ол сенімді ойнап, блогерлік турнирдің жүлдегерлерінің бірі атанды. Бұл көрермендерден ерекше қолдау тапты.
Red Bull Tetris® әлемдік финалы 11–14 желтоқсан аралығында Дубайда өтеді. Қазақстан чемпионы әлемнің 50 елінен жиналған ойыншылар қатарына қосылады.
Финалдың басты ерекшелігі — 2 000 дроннан тұратын синхронды шоу, онда Tetris ойыны нақты уақыт режимінде Dubai Frame маңында әуеде бейнеленеді. Бұл — тарихта тұңғыш рет ойын механикасының аспанда толық анимациялық дрон-шоу ретінде көрсетілуі.
Дулат Жұмашев:
«Турнирден алған әсерім керемет. Әлі күнге дейін Дубайға баратыныма толық сене алмай тұрмын — бәрі өте күтпеген болды. Менен жақсы ойнайтын жігіттер болды, бірақ финалда топ ойыншылармен бірге қалу бұйырыпты. Ең бастысы — бәрі өте көңілді өтті! Қатты дайындалған жоқпын — күніне 20 минуттай. Кей күндері мүлдем ойнамадым, уақыт болмады. Саусақтың жылдамдығы маңызды. Бірақ одан да маңыздысы — фигураларды дұрыс бұра білу, тез шешім қабылдау және екі қадам алға ойлай алу. Ең бастысы — қателескенде стресс жасамау. Өзіме: “Ұтпасам да — көңілді өтсін” деп айттым. Сол ой тыныштық беріп, еркін ойнауға көмектесті»


