«Аватар: От пен күл» көптен күткен блокбастерінің 25 желтоқсан күніне кассалық жинақ нәтижелері

18–25 желтоқсан аралығындағы (прокаттың алғашқы жеті күні) қазақ және орыс тілдерінде көрсетіліп жатқан ауқымды кинооқиға — «Аватар: Пламя и Пепел» / «Аватар: От пен күл» фильмінің кассалық көрсеткіштері туралы хабарлаймыз.

3 сағат 15 минутқа созылатын әсерлі хронометражына қарамастан, кинотеатрлардың мереке алдындағы тығыз кестесінде сеанстарды орналастыру оңай болмағанымен, фильм прокатта керемет нәтижелер көрсетіп, жаңа рекордтарға қол жеткізді.

Қазіргі таңда Орталық Азия мен Закавказье елдерінде (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Армения, Әзербайжан және Тәжікстан) анимациялық фильмнің жиынтық кассалық табысы 1 446 089 541 теңгеден (2,8 млн АҚШ долларынан астам) асты, фильмді 524 550-ден астам көрермен тамашалады.

Фильм премиум форматтарда да айрықша нәтижелер көрсетуде. «Аватар: Пламя и Пепел» / «Аватар: От пен күл» 2025 жылы IMAX форматындағы ең табысты стартты көрсетті, сондай-ақ IMAX форматында барлық уақыттағы ең сұранысқа ие фильмге айналды. IMAX залдарындағы алғашқы аптадағы көрермен саны бойынша картина «Аватар: Путь воды» / «Аватар: Су жолы» фильмінің рекордын 19%-ға басып озды.

Фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасының алғашқы жеті күндегі кассалық табысы 51 886 000 теңгеден асты. Қазақстандағы жалпы кассалық түсімдегі қазақша нұсқаның үлесі 5,3%-ға жетті. Бұл локализацияланған нұсқаларға деген қызығушылықтың айтарлықтай артқанын көрсетеді: салыстыру үшін, «Аватар: Путь воды» / «Аватар: Су жолы»  фильмінің қазақша дубляжының үлесі 2,9% болған.

Дәйексөз: «Ascar Cinema» компаниясы