2025 жылдың қорытындылары: қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы жиі ала бастады

Ferrari Press Agency Fuse 1 Ref 17097 25/08/2025 See Ferrari text Picture MUST credit: HMD A smartphone for children to keep them safe as they first navigate the digital world. The Fuse comes with onboard artificial intelligence-powered defences and parental controls that cannot be bypassed. It has been developed by HMD Global, the brand behind modern Nokia phones. Billed as a starter smartphone for young users, the child-specific device is equipped with a suite of safety tools, including embedded AI program HarmBlock+ that prevents exposure to explicit content. HarmBlock+ created by UK cybersecurity firm SafeToNet. It works offline meaning it can’t be deleted, disabled, or dodged. It filters websites, scans screens, camera feeds, and incoming content, even livestreams and deletes inappropriate imagery on sight without transmitting personal data. Unlike third-party apps that can be bypassed by tech-savvy teens, HarmBlock+ is hardwired into the phone’s operating system and trained on more than 22 million flagged images. The Fuse offers customisable parental controls, including the ability to approve contacts, monitor location with geofencing alerts, restrict screen time, and allow access to apps only as needed. At launch, the phone has no browser, no camera access, and no social platforms—features that parents can unlock, one by one, as their child gains trust and digital fluency OPS: The HMD Fuse safe smartphone for children. Picture. supplied by Ferrari
Мобильді сервистер мемлекеттік қызметтерді алудың негізгі арнасына айналуда: 2025 жылдың басынан бері қазақстандықтар онлайн форматта 51,5 млн астам қызмет алған, олардың шамамен жартысы eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетілген.
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің шамамен 90% онлайн форматта қолжетімді. eGov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 15,1 млн адамнан асады, оның ішінде 610 мың пайдаланушы ағымдағы жылдың басынан бері қосылған.
eGov Mobile мобильді қосымшасын 11,7 млн астам қазақстандық пайдаланады, ал ай сайынғы белсенді аудиториясы 6,4 млн пайдаланушыны құрайды. Күн сайын қосымшаны 671 мыңнан астам адам қолданады. 2025 жылы азаматтар үшін 220 цифрлық сервис пен мемлекеттік қызмет қолжетімді болды.
Негізгі анықтамалар мен қызметтерден бөлек, азаматтар жаңа цифрлық құралдарды да белсенді пайдалануда. Ең сұранысқа ие сервистердің қатарында – банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту сервисі, соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, сондай-ақ заңды тұлғаның тіркеу әрекеттері туралы анықтама бар.
2025 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанда азаматтардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін жаңа цифрлық құрал – «Заң және Тәртіп» сервисі енгізілді. Бұл сервис мобильді қосымшалар арқылы қоңырау шалмай немесе жеке бармай-ақ құқық бұзушылықтар туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың тамыз айында eGov Mobile мобильді қосымшасы соңғы жылдардағы ең ірі жаңартуға ие болды. Негізгі жаңашылдық — жасанды интеллект технологияларына негізделген eGov AI интеллектуалды іздеу жүйесінің іске қосылуы.
2025 жылы eGov.kz порталы арқылы қазақстандықтар 25,7 млн астам мемлекеттік қызмет алды. Порталдағы ең танымал мемлекеттік қызметтер қатарында: зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу, емханаға тіркелу, Ф-6 нысаны (жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама) бар.
Сонымен қатар, биыл мемлекеттік онлайн-сервистерді пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және пайдаланушылардың деректерін алаяқтардан қорғау жұмыстары күшейтілді. Атап айтқанда, 2025 жылдың қазан айынан бастап eGov.kz порталында авторизациялау тәртібі өзгертілді. Енді электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып жүргізілетін авторизацияның бірінші кезеңінен кейін пайдаланушы 1414 нөмірінен жіберілетін SMS-код арқылы жеке басын растауы қажет. Бұл өзгерістер eGov.kz порталына, сондай-ақ оның құрамдас бөліктеріне (eOtinish сервисі, «Ашық үкімет» порталы) қатысты.
Сонымен бірге, пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін логин мен пароль арқылы кіру мүмкіндігі де қолжетімді болды: пайдаланушы ЖСН/БСН мен құпиясөзді енгізеді, ал жеке басын растау ЭЦҚ көмегімен жүзеге асырылады. Бұл өзгерістер электрондық үкімет порталы eGov.kz және оның компоненттеріне (eOtinish сервисі, Smart Bridge платформасы, «Ашық үкімет» порталы) қолданылады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі



