Dala.Camp форумында мал шаруашылығы саласындағы жобалардың питчингі өтеді  

14-15 ақпанға жоспарланған Dala.Camp Forum 2026 халықаралық мал өсірушілер форумы аясында  Livestock Pitch — мал шаруашылығы және онымен байланысты салалардағы жобалардың мамандандырылған питчинг сессиясы өтеді.

Livestock Pitch – бұл жобалар, инвесторлар және нарықтың стратегиялық серіктестері арасындағы тікелей және түсінікті диалог үшін жасалған қолданбалы формат.

Ұйымдастырушылар питчинг бұл конкурс еместігін және жүлделі орындардың берілуі немесе инвестициялау бойынша міндеттемелер көзделмегенін атап өтеді. Оның міндеті –инвестиция тартуға, серіктестікке немесе осы шешімдерді бизнеске енгізуге мүдделі адамдардың жобаларына шешімдерін, экономикасы мен даму жоспарларын ұсынуға мүмкіндік беру.

Форумның ұйымдастыру комитетінің басшысы, Қазақстандық Turan мал өсірушілер қауымдастығының Басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаев атап өткендей, Livestock Pitch форматы нарық сұранысына жауап ретінде пайда болды:

 «Бүгінгі таңда мал шаруашылығында көптеген бастамалар мен идеялар бар, бірақ жобаларды қолдану мүмкіндігі, сандар және нақты даму сценарийлері сияқты практикалық тұрғыдан қарастыруға болатын ыңғайлы және түсінікті алаң барлық кезде бола бермейді. Livestock Pitch осындай кеңістікті жасайды және идеядан немесе жұмыс істеп тұрған бизнестен нақты келісімдерге және одан әрі келіссөздерге дейінгі жолды қысқартуға көмектеседі»

Питчинг аясында жоба авторлары тек не істеп жатқандары туралы ғана емес, сонымен қатар нарыққа не үшін қажет екендігі, оны қалай енгізуге болатындығы және шаруашылықтарға, қайта өңдеуге немесе экспорттық бағытқа қалай әсер ете алатындығы туралы айтуға мүмкіндік алады.

Инвесторлар мен серіктестер үшін Livestock Pitch өз кезегінде таңдалған жобаларды бір жерде көру, тәсілдерді салыстыру және одан әрі ынтымақтастық бағыттарын анықтау тәсілі болады.

 Livestock Pitch-ке қатысуға MVP, пилоттық немесе ерте даму сатысындағы стартаптар да, масштабын ұлғайтуға, инвестиция тартуға немесе серіктестікке мүдделі операциялық қызметі, кірісі және активтері бар жұмыс істеп тұрған компаниялар да шақырылады. Жобаларды іріктеуді форумның ұйымдастыру комитетінің сараптамалық тобы бекітілген регламент және ашық критерийлер негізінде жүзеге асырады. Іріктеу қорытындысы бойынша 10 жобадан тұратын short-list қалыптастырылып, форумның іскерлік бағдарламасы шеңберінде ұсынылады.

Жәнібек Кенжебаев форматтың практикалық бағытын ерекше атап өтті:

 «Біз Livestock Pitch-ті мал шаруашылығын дамыту туралы әңгіме жалпы талқылаулар деңгейінде қалып қоймай, одан ары қарай дамуы үшін өткіземіз. Біз үшін іс жүзінде жүзеге асырылуы мүмкін нақты жобалар мен шешімдерді көрсету және салаға нақты әсер ету маңызды»

Livestock Pitch-ке өтінімдер 15 қаңтардан 26 қаңтарға дейін қабылданады. Жобалардың соңғы питчингі 15 ақпанда Dala.Camp Forum 2026 іскерлік бағдарламасы аясында өтеді.

Еске сала кетсек, Dala.Camp Forum 2026 – Қазақстандағы етті мал шаруашылығының болашағы туралы ашық диалогқа арналған кәсіби алаң.

Форум фермерлер, шаруашылық иелері, репродукторлар, қайта өңдеушілер, инвесторлар, экспорттаушылар, сала сарапшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіреді.

Іс-шараның ұраны – «Қазақстанның ет индустриясындағы ірі қара: болашақтың жол картасы».

Қатысушыларды панельдік пікірталастар, нарық көшбасшыларының кейстері, шаруашылықтардың нақты мәселелерін талдау және нетворкинг күтеді.

Іс-шара туралы толығырақ ақпаратты forum.dalacamp.kz ресми сайтынан алуға болады