KAZ MINERALS қазақ тілі мен мәдениеті туралы кітапты қайта басып шығарды
KAZ Minerals Тобы және Central Asia Production компаниясы Наурыз мерекесіне орайластырып, Такура Жақсыбайдың «Қазақша үйренейік. Поделюсь сокровищем своим» атты қазақ тілі, мәдениеті және дәстүрлері туралы кітабын қайта басып шығарды. Алғаш рет 25 жыл бұрын шыққан кітап қайта жарық көрді. Бұл бір кездері «Казахстанская правда» газетінің жұма күнгі нөмірінде жарияланған мақалалардың жинағы болатын.
Кітап әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ, құндылығы зор. Ол әдет-ғұрыптардың қалай пайда болғанын, дәстүрлердің қалай қалыптасқанын, қазақ отбасыларындағы қатынастарды және т.б. түсінікті тілмен баяндайды.
Жаңа басылым қазақстандық қылқалам шеберлерінің туындыларымен безендірілген, олар да өз суреттерін халық қазынасына деген асқан құрметпен салды.
«Менің туындым, кітабым өзіне осындай назар аудартып, танылғанына өте қуаныштымын. Ол қазір де ширек ғасыр бұрынғы алғашқы оқырмандарға сияқты пайдалы болады деп үміттенемін. Мен әрқашан басқа мәдениет өкілдерінің қазақтарда қандай қызықты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бар екенін білгенін қалаймын. Жоба бастамашыларына осы кітапты қайта басып шығарғаны үшін және маған қазынам – тілім және мәдениетіммен бөлісуге мүмкіндік бергені үшін рахмет айтамын», — дейді қазақстандық баспасөзде және телевизияда ұзақ уақыт жұмыс істеген автор, кітаптанушы, редактор, аудармашы Такура Жақсыбай.
Баспагерлер кітапты білім беру мақсатында оқырмандардың кең ауқымына арнап басып шығаруға үмітті.
Бұған дейін KAZ Minerals Тобы «Батыл бол» ауызекі қазақ тілі клубына демеуші болды. Қазір клуб Қазақстанның жеті қаласында – Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Орал, Атырау, Павлодар және Қостанайда жұмыс істейді. Ұйымдастырушылар Шымкент, Өскемен, Ақтөбе, Тараз, Семей және Ақтау қалаларында өкілдіктерін ашуды жоспарлап отыр. Клубқа 400 жуық адам келеді. Оқу әдістемесі грамматика, ойын және бейресми қарым-қатынас негіздерін қамтиды. Клубтағы сабақтар барлық адамдарға тегін.