Air Astana-ның жанармайға қосымша ақысы мен айыппұлдарға қатысты түсініктемесі
Air Astana нарықтағы үстемділікті теріс пайдалану және бағаны негізсіз көтеру салдарынан әуекомпаниясына айыппұл салынды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Air Astana әуекомпаниясы құрылған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет етеді. Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу мақсатында жүргізілген тексерулер әуетасымалдаушысы жұмысында ешқандай бұзушылық анықтаған жоқ. Жанар-жағармайға қосымша ақы алу «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 76-бабында көзделген және Қазақстандағы жанар-жағармай бағасының жоғары құбылмалылығымен байланысты.
Қазіргі уақытта әкімшілік істің сотта қаралып жатқанындықтан әуекомпаниясы заңды бұзу және айыппұл төлеу туралы мерзімінен бұрын қорытындылар сотқа қысым ретінде қарастырылуы мүмкін екенін ескертеді.
Air Astana өзінің бюджеттік бөлімшесін жеке заңды тұлға ретінде бөліп шығару 2024 жылға дейін мүмкін болмайтынын растайды.