«Ұлттық нақыш – ұлттық таңдау: Референдумда әз-Наурыздың лебі еседі»

Референдум комиссиясының мүшелері Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақыштағы киімде халықты қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлап жатыр. Бұл игі шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталуда.

Комиссия мүшелері қазақтың әсем ою-өрнегімен безендірілген киім киіп, келушілерге Наурыздың мәні мен маңызы туралы айтып, мерекелік атмосфера қалыптастыруда.

Наурыз – бірлік пен жаңару мерекесі. Осыған орай ұйымдастырылған бастама тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыра түсті.