Абай атындағы Қазақ Ұлттық Опера және Балет театры сәуір айының репертуары
2023 жылдың сәуір айының репертуарында театр классикалық өнер сүйер қауымға әлемдік өнердің алтын қорын безендіретін театр сахнасында сирек кездесетін спектакльдер ұсынады.
9 СӘУІР сағат 18.00 – де А. Аданның «КОРСАР» балеті ұсынылады.
«Корсар» балеті – бір жарым жүз жылдан астам уақыт бойы әлемдік музыкалық классика қоржынында інжу-маржан болып саналады. Адольф Аданның тағы бір әйгілі жауһары «Жизель» балетімен қатар, ол әлемдік балет репертуарының алтын қорына кіреді. Либреттоның негізінде Байронның аттас поэмасы жатыр.
Балет қойылымының жаңа нұсқасын ҚР Халық әртісі, басты қоюшы – балетмейстер Гүлжан Түткібаева заманауи хореографиялық өңдеуде жасап шығарды. Хореографтың айтуынша, жаңа нұсқа, ең алдымен, жаңа сценографиямен, жаңа костюмдермен және музыкалық материалдармен ерекшеленеді.
Спектакльдің премьерасы Абай ат. ҚазҰОБТ 2020 жылдың 28,29 қарашасында өтті.
Дирижер-постановщик Ерболат Ахмедьяров.
23 СӘУІР сағат 18.00 — де Арифа Меликовтың «МАХАББАТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» балеті ұсынылады.
Назым Хикметтің пьесасы бойынша қойылған Ариф Меликовтың «Махаббат туралы аңыз» балетінің әлемдік премьерасы Ресейдің Ленинград қаласында, Киров атындағы опера және балет театрының, қазіргі Мариин театрының сахнасында 1961 жылы 23 наурыз айында өткен болатын. Жас хореограф Юрий Григоровичтің қойылымы Симон Вирсаладзенің декорациясында бірден көркемдік сенсацияға айналып, ХХ ғасырдағы орыс балетінің одан әрі дамуына әкеліп, бірден танымалдылыққа жетті. Алғашында қойылымды Париж мен Нью- Дели, Лондон мен Каир, Вена мен Пекин, Нью-Йорк және Стамбул көрермендері тамашалады.
«Махаббат туралы аңыз» — ғасырлар қойнауынан жеткен ертегі. Спектакльде адамдардың болмысын өзгертетін асыл махаббаттың алып күші жайлы сөз болмақ. Бұл жан арпалысы мен терең тербеніс, үмітсіздік пен жан жарасы, құрбаншылық пен түрлі сынақ жайлы әфсана.бұл фантастикалық би нөмірлері және таңғажайып сценография, таңғажайып Шығыс әуендері және ежелгі парсы аңызының баурап алатын магнетизмі.
Балет Юрий Григоровичтың қойылымында Абай ат. ҚазҰОБТ 2007 жылдың наурыз айында қойылған.
26 СӘУІР 19.00 – де Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «КҮЙ АТАСЫ — ҚҰРМАНҒАЗЫ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ
Кеш ұлт мәдениетінің асыл қазынасына теңдессіз үлес қосқан, ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналады.
Кеште Құрманғазының рухын асқақтатып,тыңдаушының жігерін оятып, серпілдіретін танымал күйлері орындалады. Ол күйлер – тағдырдың талқысына, өмірдің қаталдығына музыка арқылы берілген жауап, жан шырылының белгісі.
Сондай-ақ, кеште опера солистері – Талғат Күзембаев (ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты), Балапан Жұбаева (ҚР Еңбек сіңірген әртісі), Ильяс Артағалиев, Есенгелді Рза, Айдос Жабағин, Төлеген Рахымбаев өнер көрсетеді.
Дирижерлер: Абай ат. ҚазҰОБТ бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері — Ерболат Ахмедьяров
Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері — Дінзухра Тілендиева.
29 СӘУІР сағат 18.00 Дж. Пуччинидің 3 бөлімді «ФЛОРИЯ ТОСКА» операсы өтеді.
Сәуір айында «Флория Тоска» операсында екі премьера: Тоска партиясын халықаралық байқаулардың лауреаты Евгений Смолянина, ал Каварадосси партиясын халықаралық байқаулардың лауреаты Балуан Беркенов сомдайды. Пуччинидің «Тоска» операсы — XIX ғасырдың әйгілі итальяндық композиторы шығарған, экспрессия мен құмарлыққа толы классикалық, музыкалық драма. Сюжеттің негізінде әнші Флория Тосканың махаббат үшбұрышы, оның сүйіктісі — суретші Марио Каварадосси және полиция басшысы Барон Скарпиа туралы тарих жатыр. Көрермен ХІХ ғасырдың басындағы Рим атмосферасына енеді, ал Абай ат ҚазҰОБТ жетекші солистерінің орындауындағы құштарлық сүйіспеншілікпен мойындаулар, тақуалық дұғалар соңғы аккордқа дейін шиеленісте сақталады
Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
Мекен-жайы: Алматы қ, Кабанбай батыр көшесі, 110