Оқушылар арасында «Мектеп барысы» турнирі өтті

Астана қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Сегіз қырлы, бір сырлы» жобасы аясында «Мектеп барысы» атты қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды.

Ұлттық рухты асқақтатуға бағытталған бұл дода жас спортшылардың күш-жігерін, батылдығын және қазақ күресіне деген ерекше қызығушылығын айқын көрсетті. Турнир тартысты белдесулерге толы өтіп, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады.

Жарыс үш салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды: 55 кг, 65 кг және түйе палуан. Әр салмақта қатысушылар өзара мықтыны анықтап, жеңіс үшін барын салды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

55 кг салмақ дәрежесі бойынша:

  • І орын – Мамыр Абдурахим
  • ІІ орын – Сапарғалиев Саят
  • ІІІ орын –Абдукаримов Нұртілеу

65 кг салмақ дәрежесі бойынша:

  • І орын – Әбілдаев Сырым
  • ІІ орын – Тұрсынбай Нұрасыл
  • ІІІ орын – Жомарт Бейбарыс

Түйе палуан санаты бойынша:

  • І орын – Мұрат Ұлан
  • ІІ орын – Марат Ернұр
  • ІІІ орын – Ермекбай Бекдәулет

Тартысты дода «Dauletten» қайырымдылық қоры мен «GBG Құрылыс» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.

«GBG Құрылыс» компаниясы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ақшалай сыйлықтармен және арнайы белбеулермен марапаттады. І орын иегерлеріне 30 000 теңге мен белбеу табысталды, ІІ орынға – 20 000 теңге, ал ІІІ орынға – 10 000 теңге берілді.

Аталған спорттық шара жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық спорт түрлерін насихаттауға және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.