Қазақстан мен Өзбекстанды біріктіретін тағы бір мүмкіндік

30 наурызда өзбекстандық Qanot Sharq әуе компаниясы Ташкент – Алматы бағытында тұрақты тікелей рейстерді іске қосты. Алматы халықаралық әуежайы алғашқы рейсті салтанатты түрде қарсы алып, авиация дәстүріне сай әуе кемені су доғасынан өткізді. Осы рейспен ұшып келген жолаушыларға тәттілер ұсынылды.

Рейстер Airbus A321 neo әуе кемесімен аптасына үш рет – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты – 1 сағат 30 минут.

Бұл тікелей әуе қатынасы – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстардың одан әрі дамуына, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигізеді.