LEPAS жаңа автомобиль бренді Қазақстан нарығына шығуға дайындалуда

Chery Holding Group құрамына кіретін жаңа халықаралық LEPAS автомобиль бренді Қазақстан нарығына шығуға дайындалып жатыр. Елімізде брендті іске қосу жұмыстарын Orbis Auto автомобиль тобы жүргізуде. LEPAS брендінің нарыққа шығуы және Қазақстандағы көлік саудасының басталуы 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.
LEPAS – Chery Holding Group құрамына кіретін жаңа халықаралық бренд. Ол заманауи дизайн, цифрлық технологиялар және жоғары деңгейдегі жабдықталуымен ерекшеленетін автокөліктерге бағытталған. Бренд концерннің халықаралық стратегиясында жеке бағыт ретінде дамып, шетел нарықтарындағы үлесін кеңейтуді көздейді. 2025 жылы Қытайда өткен әлемдік тұсаукесерінен кейін бренд Индонезия мен Италиядағы автокөрмелерде, сондай-ақ Испания, Ұлыбритания және Таиландтағы автомобиль шараларында таныстырылды. Сонымен қатар, LEPAS Оңтүстік Африка, БАӘ және Кувейтте коммерциялық өкілдіктерін құрып, Оңтүстік Америка нарықтарына шыға бастады.
Компания Қазақстанды Еуразия кеңістігінде LEPAS бренді үшін негізгі нарықтардың бірі әрі Орталық Азиядағы стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Елдегі автомобиль нарығының қарқынды өсуі және заманауи технологиялық модельдерге деген жоғары қызығушылық жаңа халықаралық марканың келуіне қолайлы жағдай туғызып отыр.
Orbis Auto өкілдері атап өткендей, компания қазақстандық сатып алушыларға нарықтың түрлі сегменттерінде мол таңдау ұсыну үшін өзінің брендтер қоржынын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Мұндай тәсіл тұтынушылардың өзгермелі талғамын ескеруге және автомобиль нарығының негізгі санаттарында компанияның позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан нарығына LEPAS брендінің бірнеше моделі бірден таныстырылады деп жоспарлануда. Болашақта брендтің модельдік қатары нарық сұранысы мен марканың өңірдегі даму стратегиясына сәйкес кеңейтіле береді.
LEPAS модельдік желісі негізінен заманауи кроссоверлерден құралады. Бренд көліктері Chery Holding Group әзірлеген интеллектуалды LEX платформасы негізінде жасалады. Бұл платформа қозғалтқыш жүйелері, электронды басқару, цифрлық сервистер, сондай-ақ қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи шешімдерін біріктіреді.
LEX платформасы түрлі қуат қондырғыларымен жабдықталған көліктерді нарыққа жедел шығаруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында толық электрлі (BEV) және қосылатын гибридті (PHEV) модельдер бар. Бұл модельдік қатарды жүйелі түрде кеңейтуге негіз болып, брендке әртүрлі нарықтардағы тұтынушылардың өзгермелі сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді.
LEPAS атауы үш мағыналық құрамдастан тұрады – LEOPARD, LEAP және PASSION. Бұл атаулар бренд философиясының негізгі мәнін айқындайды: айқын дизайн, даму динамикасы және төзімділік, технология мен заманауи эстетиканы үйлестірген көліктердің эмоциялық сипаты.
Модельдік қатар, сатылымның басталу мерзімі және дилерлік инфрақұрылым туралы қосымша ақпарат жобаның іске асырылу барысына қарай ұсынылатын болады.



