2026 жылдың 31 наурызында аяқталған бірінші тоқсанның нәтижелері

Air Astana 2026 жылдың бірінші тоқсан нәтижелерін жариялады. Негізгі көрсеткіштер қатарында түсім мен жолаушылар ағынының өсуі мен жүктеме коэффициентінің жақсаруы. Жалпы түсім және өзге де кірістер 13,2%-ға өсіп, 331,0 млн АҚШ долларын құрады. Топ бойынша тасымалданған жолаушылар саны 1,95 млн деңгейінде болып, орташа жүктеме коэффициенті 83,3%-ға дейін жақсарды.
«2026 жылдың бірінші тоқсаны бүкіл авиация саласы үшін күрделі кезең болды, алайда бұл Air Astana-ға өзгермелі жағдайларда өз икемділігі мен тұрақтылығын тағы бір рет көрсетуге мүмкіндік берді. Парсы шығанағындағы қақтығыс басталғанына небәрі 48 сағат болғанда біз тез өзгеріп жатқан сұранысқа жауап беру үшін әуе кемелерін қайта үйлестіруді бастадық, және бүгінде бұл жаңа қалыпқа айналуда. Әріптестерімнің репатриациялық рейстерді іске асырғандарын, лезде іскерлік және демалыс мақсатындағы жолаушылар үшін кеңейтілген транзиттік мүмкіндіктерді ұсына алғандарын ерекше мақтан етемін» – деді Air Astana-ның бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.

Air Astana жоғары маржаны қамтамасыз ету және инфляциялық шығын қысымын азайту үшін сыйымдылықты қайта үйлестіруды, жалпы флотты 2030 жылдың соңына қарай 86 әуе кемесіне дейін ұлғайтуды, цифрландыру және технологияларды енгізу бағдарламасын жалғастырып, компанияның икемділігі мен ауқымдылығын одан әрі арттыруды, сондай-ақ клиенттік тәжірибені жетілдіруды жалғастырады.
Пресс-релиздің толық мәтіні әуекомпанияның инвесторларға арналған веб-сайтында жарияланған.




