JET пайдаланушыларды ЖСН арқылы верификациядан өтуге шақырады

Қазақстандағы кикшеринг қызметінің жетекші операторы JET барлық пайдаланушыларды ЖСН арқылы верификациядан өтуге шақырады. Бұл пайдаланушының кәмелетке толғанын және жүргізуші куәлігінің бар екенін растау үшін қажет.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда кикшерингке қатысты жаңартылған жол қозғалысы ережелері күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, сервисті тек 18 жасқа толған азаматтар пайдалана алады. Электрсамокатпен жолдың оң жақ шетімен жүру үшін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі қажет болады.

JET мобильді қосымшасының басты бетінде пайдаланушылар «Профильді растау» бөліміне өтіп, өздерінің ЖСН-ін және растау кодын алу үшін ұялы телефон нөмірін енгізуі қажет. Бұл шара пайдаланушының жасын және жүргізуші куәлігінің бар-жоғын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, веложолдарда, велосипед жолағында, жол жиегінде және тротуарда жүру үшін жүргізуші куәлігі бұрынғыдай талап етілмейтінін еске саламыз.

JET компаниясының цифрлық даму жөніндегі директоры Иван Булгаков:

«Техникалық тұрғыдан алғанда, біз верификация процесі пайдаланушыдан бір минуттан артық уақыт алмауы үшін ауқымды жұмыс атқардық. Қосымшамыздың мемлекеттік ақпараттық жүйелермен қорғалған шлюздер арқылы интеграциялануы ЖСН мәліметтерін лезде тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, JET қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөледі: біз артық жеке деректерді жинамаймыз және сақтамаймыз, барлық тексеру автоматтандырылған әрі шифрланған режимде жүзеге асырылады. Басты мақсатымыз – жол қозғалысы ережелеріндегі жаңа талаптардың орындалуын пайдаланушылар үшін барынша ыңғайлы әрі кедергісіз ету»

Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа жол қозғалысы ережелері күшіне енгеннен кейін кикшеринг пайдаланушылары басқа көлік құралдарының жүргізушілерімен бірдей деңгейде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ЖСН арқылы верификациядан өту полиция қызметкерлеріне пайдаланушының жасын, жүргізуші куәлігінің мәртебесін және оның жарамдылық мерзімін жедел тексеруге мүмкіндік береді.