Мәскеу қаласындағы MGMC-2026: конгресс Қазақстанның MICE-индустриясына қандай мүмкіндіктер ұсынады

Ресейдегі іскерлік туризм саласындағы ең ауқымды халықаралық іс-шаралардың бірі Meet Global MICE Congress (MGMC) 2026 жылдың 16–17 желтоқсанда Мәскеуде қайтадан өтеді. Өткен жылы конгресс MICE-индустриясы үшін рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, әлемнің 37 елінен 2 500-ден астам салалық маманды біріктірді. Биыл ұйымдастырушылар 3 000-нан астам қатысушыны, оның ішінде Қазақстаннан келетін MICE саласының өкілдерін күтуде.

MGMC биыл төртінші рет БРИКС елдері мен Жаһандық Оңтүстік мемлекеттерінің іскерлік туризм индустриясы өкілдерін жоғары деңгейдегі стратегиялық диалог жүргізу, келісімшарттар жасау және жаңа серіктестіктер орнату мақсатында бір алаңға жинайды. Конгресс жыл сайын корпоративтік тапсырыс берушілерді, қауымдастықтар өкілдерін, іс-шара ұйымдастырушыларды, MICE-қызмет жеткізушілерін, мемлекеттік туризм ұйымдарының басшыларын және жетекші халықаралық сарапшыларды біріктіреді.

2025 жылы өткен «Табысты экожүйе: қауымдастық іс-шараларын өткізу құқығы үшін бәсекеде қалай жеңіске жетуге болады?» атты панельдік пікірталаста Kazakh Tourism ұлттық компаниясының топ-менеджері Ғалимжан Сейлов спикер ретінде сөз сөйледі.

Дәстүр бойынша MGMC халықаралық MICE-индустриясына тәжірибе алмасуға, үздік практикаларды бөлісуге, жаңа трендтер мен заманауи технологиялық шешімдерді талқылауға арналған кәсіби алаң ұсынады. Конгресс бағдарламасы интерактивті форматтарды практикалық мазмұнмен үйлестіреді. Қатысушылар іскерлік бағдарлама, көрме, ресми кездесулер және бейресми нетворкинг барысында өзекті білім мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.

Биылғы конгрестің негізгі тақырыбы – «MICE саласындағы табыстың анатомиясы: идеялар мен құралдардан нақты нәтижелерге дейін». Іскерлік бағдарламада пленарлық сессиялар, жетекші сарапшылардың баяндамалары және практикалық семинарлар жоспарланған. Бағдарламада өңірлік мәдениет пен тарихи мұраны негізге ала отырып туристік дестинацияларды брендтеу, халықаралық MICE-нарықтарының ерекшеліктері, цифрландыру, заманауи ІТ-шешімдер, сондай-ақ іскерлік туризмді әртүрлі буын өкілдерінің сұранысына бейімдеу мәселелері қарастырылады.

Осындай кәсіби ортаға қатысу саланың өкілдеріне жаңа бизнес-шешімдерді табуға, пайдалы іскерлік байланыстар орнатуға және бір алаңда жаңа серіктестермен танысуға мүмкіндік береді.

Конгрестің кең ауқымды көрме аймағы MICE-қызмет жеткізушілеріне және туристік дестинациялар өкілдеріне өз мүмкіндіктерін кәсіби аудиторияға таныстыруға және әлеуетті серіктестер табуға жағдай жасайды. 2026 жылы БРИКС елдері, Жаһандық Оңтүстік мемлекеттері және Ресей өңірлерінен 150-ден астам ұйым өздерінің MICE-әлеуетін ұсынады.

Конгрестің дәстүрлі бөлігі – Hosted Buyers бағдарламасы. Өткен жылы MGMC алаңында Ресейден және басқа елдерден келген 200-ден астам кәсіби сатып алушы қатысып, түрлі дестинациялар мен MICE-қызметтерге қызығушылық танытты. Қазақстаннан бұл бағдарламаға Global Air және Travel Club Kazakhstan компаниялары қатысты.

Іскерлік кездесулер мен келіссөздер конгрестің негізгі бағдарламасына енгізілген. Қатысушылардың шамамен 70%-ын жоғары буын басшылары мен шешім қабылдайтын тұлғалар құрайтындықтан, мұнда өткен кездесулер нақты келісімшарттарға ұласады. 2025 жылы конгресс аясында 8 мыңнан астам B2B-кездесу ұйымдастырылды.

2023 жылдан бері Мәскеу халықаралық MICE-индустрия мамандарын біріктіретін бірегей халықаралық платформаны қалыптастырудың бастамашысы ретінде танылып келеді.

«MGMC жыл сайын дамып, жаңа нарықтарды танып-білуге, MICE саласындағы жаһандық үрдістерді талқылауға және болашақ жобалар үшін сенімді серіктестер табуға мүмкіндік беретін кәсіби алаңға айналып келеді. Біз аудиториямызды үнемі кеңейтіп, әртүрлі елдердегі MICE-нарығының даму ерекшеліктерін көрсетуге және саланың экожүйесін жан-жақты таныстыруға ұмтыламыз. Қазақстандық мамандар үшін бұл конгресс өз тәжірибесін таныстыруға, іскерлік байланыстарын кеңейтуге және Мәскеудің әлемдегі жетекші MICE-дестинациялардың бірі ретіндегі әлеуетін өз көзімен көруге тамаша мүмкіндік», – деді «Мәскеу туризмі мен қонақжайлылығын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе» автономды коммерциялық емес ұйымы (Мостуризм) бас директорының бірінші орынбасары Анастасия Попова.

Конгресс туралы толық ақпарат пен тіркелу формасы іс-шараның ресми сайтында қолжетімді.