Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде диплом табыстау рәсімі өтті

2026 жылғы 9 шілдеде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті түлектеріне диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті.
Университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, құрметті қонақтар, жұмыс берушілер, ата-аналар мен түлектердің өздері қатысқан салтанатты шараға 800-ге жуық адам жиналып, бірнеше жылдық қажырлы еңбектің қорытындысын көрсетті.

Салтанатты жиында жас мамандардың оқу жылдарындағы жетістіктері аталып өтіп, олардың алдағы кәсіби қызметіне сәттілік тілейтін ізгі лебіздер айтылды. Оқу мен ғылымдағы жоғары нәтижелері, сондай-ақ қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін үздік студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
Биыл алғаш рет «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім гранты негізінде білім алған түлектерге дипломдар табысталды. Бұл олардың жоғары білім алып, білікті маман ретінде қалыптасуына қолдау көрсеткен қор қызметінің маңызды нәтижелерінің бірі болды.
Салтанатты шараға құрметті қонақтар ретінде Ұлттық инженерлік академияның президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Бақытжан Жұмағұлов, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының «Халық Қаһарманы», Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халықаралық инженерлік академияның академигі Тоқтар Әубәкіров және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты.

Сондай-ақ шараға университеттің стратегиялық серіктестері – еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысып, түлектерге ақ тілектерін білдірді. Олардың қатарында «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ЖШС, «Ө. Жолдасбеков атындағы Механика және машина тану институты» ЖШС, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Ш.Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «У.Успанов атындағы Топырақтану және агрохимия институты» ЖШС, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК және «Зоология институтының» РМК басшылары түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі. Университет пен ғылыми ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде бүгінгі таңда біздің түлектеріміз жетекші ғылыми-зерттеу институттарында кәсіби практикадан өтіп, ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысу арқылы құнды тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік алып отыр.
Түлектерді Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Тугбу Алан Өзденфедакар мен Қырғыз Республикасы Елшілігінің вице-консулы Чолпон Исанаева да құттықтап, жас мамандардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына тілектестіктерін білдірді.
Түлектердің қуанышын бөлісуге университеттің кәсіптік бағдар беру саласындағы серіктестері – Алматы қаласы мектептерінің директорлары мен білім беру орталықтарының басшылары, сондай-ақ жұмыс берушілер «Еуразиялық банк» АҚ, «ИКМЕН» ЖШС, «Шин-Лайн» ЖШС, «Алматынан» ЖШС, «Альянс инновационно-индустриального развития» ЖШС, «Экосервис-С» ЖШС, «B Apps» ЖШС, «Baker Tilly» ЖШС, «SEA STAR TOURISM LTD» компаниясы, «Нұрсат+» және т.б. мекемелердің өкілдері келді.
Мерекелік бағдарлама аясында концерт, роботтардың пиксельді шоуы және түлектердің дәстүрлі вальсі ұсынылып, университеттің жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Дархан Ақпанбетов түлектерді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтады. Ол жас мамандардың іргелі білімі мен кәсіби құзыреттіліктері ел дамуының кепілі болатынына сенім білдіріп, оларға ауқымды жетістіктер, сарқылмас қуат және ең кәсіби жоспарларының іске асуын тіледі.
Диплом табыстау рәсімі – әрбір түлек үшін жаңа өмірдің бастауы, жаңа мақсаттарға жетелейтін маңызды белес. Бұл күн университет тарихындағы жарқын оқиғалардың бірі ретінде есте қалып, жас мамандардың үлкен өмірге нық қадам басқан ерекше мерекесіне айналды.





