Lynk & Co Алматыда алғашқы ресми монобрендтік шоурумын ашты

Orbis Auto автомобильдер тобының құрамына кіретін Lynk & Co-ның Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Алматыда флагмандық шоурумын ашты. Бұл – брендтің еліміздегі есігін айқара ашқан алғашқы жеке орталығы. Шоурумның бой көтеруі Lynk & Co-ның Қазақстан нарығындағы даму жолындағы жаңа белесті айқындап, отандық автосүйер қауымның жаңа буынның озық технологиялы көліктеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Жалпы аумағы 600,7 шаршы метрді құрайтын жаңа шоурум Lynk & Co халықаралық стандарттарына сай жабдықталған. Мұнда автокөліктердің көрме аймағы, жеке кеңес беру кеңістігі және көлік иелеріне арналған сервистік қызметтер бір жерде тоғыстырылған. Келушілерге тест-драйвтан өту, автокөлік сатып алуға арналған қаржылық бағдарламалармен танысу, кеңес алу, сондай-ақ түпнұсқа аксессуарлар мен қосымша жабдықтарды сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.

Шоурумда Қазақстанда ресми түрде қолжетімді Lynk & Co модельдерінің толық желісі ұсынылған. Олардың қатарында Lynk & Co 03 спорттық седаны, Lynk & Co 09 премиум санатындағы жеті орындық кроссовері және Lynk & Co 08 EM-P қуаттауға болатын ақылды гибридті моделі бар. Жақын уақытта Қазақстан нарығына флагмандық Lynk & Co 900 моделі де шығарылады.

«Алғашқы жеке орналасқан монобрендтік шоурумның ашылуы – Lynk & Co брендінің Қазақстандағы дамуы үшін маңызды кезең. Біз үшін бұл жай ғана жаңа кеңістік емес, бұл – біздің нарықтағы асқақ мақсаттарымыз бен ұзақ мерзімді жоспарларымыздың айқын көрінісі. Тұтынушыларымызға барынша жақын болып, еліміздің басты қалаларында брендтің ресми орнын нығайту мақсатында дилерлік желіні қарқынды дамытып келеміз. Біздің мақсатымыз – озық технологияларды, заманауи ұтқырлықты және көзқарасы мен құндылықтары ортақ жандардың мықты қауымдастығын біріктіре отырып, премиум деңгейдегі клиенттік тәжірибенің жаңа стандартын қалыптастыру», — деп атап өтті Lynk & Co-ның Қазақстандағы дистрибуция директоры Әйгерім Төлегенова.

Ал Orbis Auto автомобильдер тобының бас директоры Динара Искакова Lynk & Co-ның дамуы компанияның Қазақстандағы заманауи автомобиль брендтерінің портфелін кеңейтуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті.

«Orbis Auto қоржынындағы әрбір жаңа бренд – бұл ұзақ мерзімді инвестиция. Біз Lynk & Co-ны Қазақстан нарығына шығара отырып, бүгінгі таңда тұтынушының тек көлікті ғана емес, сонымен бірге өзі сенім артатын брендті таңдайтынын жақсы түсіндік. Сондықтан біз оның айналасындағы бүкіл инфрақұрылымды – алғашқы ресми шоурумнан бастап, брендтің өз аудиториясына жақындай түсуіне септігін тигізетін серіктестік жобаларға дейін жүйелі түрде дамытып келеміз. Осы орайда, «Қайрат» футбол клубымен орнатылған серіктестік біз үшін заңды қадам болды. Өйткені бізді дамуға деген талпыныс, өз жанкүйерлеріміз бен тұтынушыларымызға деген құрмет және үлкен жеңістердің әрдайым мықты командадан басталатыны туралы ортақ түсінік біріктіреді», — деп атап өтті Orbis Auto бас директоры Динара Искакова.

Қазақстандағы брендті дамытудың негізгі бағыттарының бірі – 2025 жылдан бері жалғасып келе жатқан «Қайрат» футбол клубымен серіктестік.

«Спортта да, бизнесте де жоғары қарқыннан қорықпайтын әрі болашаққа сеніммен қарайтындар жеңіске жетеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Қайрат» футбол клубы мен Lynk & Co арасындағы серіктестік – заңды шешім. Бізді үздіксіз даму, жоғары стандарттар және нәтижеге жұмыс істеу ұстанымы біріктіреді. Бұл қасиеттерсіз тұрақты көшбасшылыққа қол жеткізу мүмкін емес», – деді «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев.

Алғашқы монобрендтік шоурумның ашылуынан кейін, Lynk & Co Қазақстан нарығындағы өз орнын одан әрі нығайта түседі. Қазірдің өзінде бренд Астана мен Шымкентте Lynk & Co және Zeekr бірлескен шоурумдары форматында ұсынылған. Ал 2026 жылдың соңына дейін осындай кеңістіктерді Орал мен Қарағандыда ашу жоспарланып отыр.