Алматы халықаралық әуежайы мен SCAT әуе компаниясы Түрксіб ауданы әкімдігінің қолдауымен споттинг алаңында жаңа фотоаймақты ашты.

Алматы халықаралық әуежайының споттинг алаңында жаңа авиациялық тақырыптағы фотоаймақтың салтанатты ашылуы және аумақты қосымша көгалдандыру жөніндегі бірлескен жобаның нәтижелерінің таныстырылымы өтті. Іс-шараға Алматы халықаралық әуежайының президенті Гөкер Көсе, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев және «SCAT әуе компаниясы» АҚ вице-президенті Владимир Сытник қатысты. Салтанатты рәсім аясында символикалық лента қию рәсімі, фотоаймақтың ресми ашылуы және естелік фотосессия ұйымдастырылды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қазіргі споттинг алаңының орнында бос жатқан жер болған. 2024 жылы Түрксіб ауданының әкімдігі аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар, қала қонақтары және авиация әуесқойлары арасында танымал заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастырды.

Осы қоғамдық кеңістікті одан әрі дамыту мақсатында Алматы халықаралық әуежайы SCAT әуе компаниясымен бірлесіп, Түрксіб ауданы әкімдігінің қолдауымен споттинг алаңын қосымша көгалдандыру және жаңа тақырыптық фотоаймақ құру жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында жаңа ағаштар мен бұталар отырғызылып, демалыс орны бұрынғыдан да жасыл, жайлы әрі келушілер үшін тартымды бола түсті.

Жаңа фотоаймақ келушілерге ұшып шығатын және қонатын әуе кемелерінің аясында есте қаларлық суреттер түсіруге мүмкіндік береді және авиация әуесқойлары, споттерлер, Алматы тұрғындары мен қала қонақтары үшін тағы бір тартымды орынға айналады.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Көсе:

«Түрксіб ауданының әкімдігімен және серіктесіміз — SCAT әуе компаниясымен бірлесіп, авиацияға арналған жаңа тақырыптық фотоаймақ жасадық, аумақты абаттандырып, жаңа ағаштар мен жасыл желектер отырғыздық. Мұның бәрі осы споттинг алаңын тұрғындар мен қала қонақтары үшін бұрынғыдан да жайлы әрі тартымды етуге бағытталған»

Жоба Түрксіб ауданы әкімдігінің, Алматы халықаралық әуежайының және SCAT әуе компаниясының осы қоғамдық кеңістікті одан әрі дамыту жолындағы бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Осындай бастамалар жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, авиацияны дәріптеуге және жергілікті қауымдастықтардың дамуына ықпал етеді.

Алматы халықаралық әуежайы үшін мұндай жобаларға қатысу корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (CSR) саясатының маңызды бөлігі болып табылады және авиациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ауқымды жобалармен қатар қаланың және жергілікті қауымдастықтардың дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі