ЖИ және мыңдаған цифрлық жүйе таңдаулы жұмыс істеп тұр

Жетісу облысында медицина мен қауіпсіздіктен бастап, көлік пен ТҮКШ-ге дейінгі әртүрлі салаларда «ақылды өңір» технологиялары белсенді түрде енгізілуде. Жетісу облысы жекелеген цифрлық сервистерден толыққанды «Smart Region» моделіне көшуде. Цифрлық технологиялар мемлекеттік басқару, көлік, ТҮКШ, қауіпсіздік және медицина салаларында қарқынды түрде қолданысқа енгізіліп жатыр. Мәселен, облыс әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері «109 қызметі» 14 мың өтінішті өңдеді, ал Талдықорғанда су мен жылуды есептейтін 2,6 мыңнан астам «ақылды» есептегіш орнатылды.
Жасанды интелект дәрігерлерге көмектесуде: үш инсульт орталығындағы Cerebra жүйесі инсульт белгілерін анықтай отырып, 2172 КТ-зерттеуді талдады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 33 орында бейнеаналитикасы бар және жүзді танитын 87 TARGET-AI камерасы жұмыс істеп тұр. Олардың санын ағымдағы жылдың соңына қарай 150-ге жеткізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, өңірде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде тіркейтін 68 кешен жұмыс істейді. Барлық қалалық автобустар ONAY! жүйесіне қосылған, ал Талдықорғанда 21 «ақылды» аялдама бар. IT-кадрларды дамыту мақсатында Jetisu Digital орталығы жұмыс істейді, мұнда ағымдағы жылы 1380-нен астам адамның қатысуымен 57 іс-шара өткізілді. Келесі қадам — тұрғындар үшін қызметтердің қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында осы шешімдердің барлығын бірыңғай жүйеге біріктіру.




