Балалардың қауіпсіздігі басты назарда: Yutong және QazTehna әлеуметтік жобасын басталды

Алматыда Yutong және QazTehna компаниялары балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған әлеуметтік жобаның жаңа оқу жылындағы алғашқы іс-шарасын өткізді. Биыл бастама үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып отыр.
Әлеуметтік жоба аясындағы алғашқы іс-шара Алматы қаласындағы №229 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды. Оған жүзден астам оқушы қатысып, балаларға жолда және мектеп автобусында қауіпсіз жүріп-тұру ережелері түсіндірілді.
Іс-шара барысында оқушылар жол қозғалысы ережелерімен танысып, қауіпсіздік талаптарын интерактивті ойындар арқылы бекітті. Балаларға жолдан өту, жаяу жүргінші ретінде өзін ұстау, сондай-ақ автобусқа отыру және одан түсу кезінде сақталуы тиіс негізгі ережелер түсіндірілді.
Мектеп директоры Мақпал Батырханованың айтуынша, мектеп оқушыларының қауіпсіз тасымалдануы білім беру ұйымы үшін маңызды бағыттардың бірі.
«Біздің мектепте 600-ден астам бала автобуспен қатынайды. Бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Балаларды мектепке қауіпсіз жеткізу – оларға деген қамқорлықтың бір көрінісі. Сондықтан осындай әлеуметтік жобалардың маңызы зор. Балаларға жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оны қызықты форматта ұйымдастырғаны үшін Yutong компаниясына алғысымды білдіремін», – деді мектеп директоры Мақпал Сырымқызы.
Мектеп ұжымы үшін мұндай бастамалар балалардың күнделікті қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға қосымша мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылардың мектепке келуі мен қайтуы кезінде жолдағы қауіпсіздік талаптарын білуі маңызды.
Балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған әлеуметтік жоба Yutong және QazTehna компанияларының Қазақстанда тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқан бастамаларының бірі. Биыл жоба үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Компаниялардың мәліметінше, жоба аясында мектеп оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша пайдалы ақпарат беріліп, білімдерін интерактивті форматта бекітуге мүмкіндік жасалады.
Алматыдағы іс-шара 2026 жылғы жобаның алғашқы кезеңі болды. Алдағы уақытта бастама Саран, Орал және Шымкент қалаларында жалғасады. Бұл қалалардағы мектептерде де балаларға жолдағы және қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге бағытталған танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Yutong және QazTehna компаниялары әлеуметтік жоба арқылы балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы білімін арттыруға, қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыруға және балалардың дамуына бағытталған әлеуметтік бастамаларды қолдауға назар аударып отыр.




