ОНКОЛОГИЯНЫҢ БОЛАШАҒЫ БҮГІН ҚАЛЫПТАСУДА: POLPHARMA SANTO ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМДЫ ҚОЛДАДЫ

Астанада «Дәл онкология. Тераностика. Жасанды интеллект» тақырыбында өткен ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 халықаралық онкологиялық форумына әлемнің әр түкпірінен 2200-ден астам жетекші маман, ғалым, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары мен сарапшылары жиналды. Ауқымды іс-шара заманауи технологияларды, қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілдерін және онкологиялық көмектің болашағын талқылауға арналған халықаралық кәсіби алаңға айналды.
Форумға демеуші ретінде Polpharma Santo компаниясы қатысты. Заманауи медицинаны дамыту және кәсіби медициналық қауымдастықты қолдау компанияның ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды бағыттарының бірі саналады.
Бүгінде онкологиялық аурулармен күрес тек инновациялық дәрілік шешімдерді ғана емес, сонымен қатар білім мен тәжірибе алмасуды, дәрігерлердің, ғалымдардың, пациенттердің, мемлекеттің және фармацевтика саласының күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 форумына қатысу Polpharma Santo үшін Қазақстан мен өңірдегі онкологиялық көмекті дамытуға үлес қосуға бағытталған стратегиялық қадам болды.
Форум аясында компанияның қолдауымен «Онкологиялық науқастардағы анемия кезінде рекомбинантты эритропоэтин зетаны қолдану тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасалды. Баяндаманы медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының күндізгі химиотерапия стационары бөлімінің меңгерушісі Қалдыгүл Қабаққызы Смағұлова ұсынды.
Баяндама кәсіби қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Себебі анемия – ісікке қарсы емдеу барысында жиі кездесетін асқынулардың бірі. Бұл жағдай пациенттердің өмір сапасына ғана емес, емдеу тиімділігіне де әсер етіп, кей жағдайда терапияны кейінге қалдыруға немесе емдеу тактикасын түзетуге себеп болуы мүмкін.
Маман өз сөзінде анемияны диагностикалау мен түзетудің заманауи тәсілдерін, сондай-ақ онкологиялық пациенттерде рекомбинантты эритропоэтин зетаны тәжірибеде қолдану нәтижелерін таныстырды.
«Біз үшін ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 форумына қатысу демеушілік қолдаумен ғана шектелмейді. Бұл – кәсіби диалогты дамытуға және пациенттердің өмірін жақсартуға ықпал ететін шешімдерді бірлесіп іздеуге салынған инвестиция. Қазіргі онкология қарқынды дамып келеді. Медициналық қауымдастық, ғылым және фармацевтика индустриясының күш-жігерін біріктіру арқылы ғана пациенттерге сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар», – деп атап өтті Polpharma Santo компаниясы.
Форумның маңызды ерекшеліктерінің бірі – қатысушылардың халықаралық құрамы және онкология саласының өзекті бағыттарын талқылауы болды. Атап айтқанда, персоналдандырылған медицина, иммуноонкология, радионуклидтік терапия, цифрлық технологиялар және денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қарастырылды.
Polpharma Santo компаниясы көптеген жылдар бойы медициналық көмектің сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті дамытуға және денсаулық сақтау мамандарының кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Компания заманауи білім мен инновациялық тәсілдерге қолжетімділік аурулармен күресте сапалы дәрілік заттарға қолжетімділікпен қатар маңызды фактор деп санайды.
ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 форумына қатысу Polpharma Santo-ның дәрі-дәрмек өндірушісі ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі болуға ұмтылысын тағы бір мәрте көрсетті. Компания Қазақстандағы онкологиялық көмекті дамытуға және пациенттердің өмір сапасын жақсартуға үлес қосуды жалғастыруда.
Polpharma Santo компаниясы туралы
Компанияның тарихы 1882 жылдан басталады. Сол жылы Шымкентте Santonia дәрілік заты негізінде препарат өндіру жолға қойылды. 2011 жылдан бастап кәсіпорын халықаралық Polpharma фармацевтикалық тобының құрамына кірді. Бұл кезең өндірісті cGMP стандарттарына сәйкес ауқымды жаңғыртуға жол ашты. Компанияға салынған инвестицияның жалпы көлемі 130 миллион АҚШ долларынан асты.
Polpharma тобы – Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріндегі фармацевтикалық өнімдердің жетекші өңірлік өндірушілерінің бірі. Топ Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында белсенді жұмыс істейді. Оның құрамында алты өндіріс орны мен төрт ғылыми-зерттеу орталығы бар. Polpharma әлемдегі генериктер өндірушілерінің алғашқы 20 компаниясының қатарына кіреді. Топта 5600-ден астам қызметкер жұмыс істейді және оның портфелінде 500-ден астам дәрілік препарат бар.
Polpharma Santo – Қазақстандағы ірі дәрілік зат өндірушілердің бірі. Шымкенттегі зауытта елде қолданылатын әрбір бесінші дәрі қаптамасы өндіріледі. Компания шамамен 1400 жұмыс орнын қамтамасыз етеді, білім беру ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық орнатып, білікті кадрлар даярлау бойынша бірқатар бастамаларды жүзеге асырады.
Компанияның портфелінде 14 терапиялық бағытты қамтитын 380-нен астам препарат бар.
Соңғы 15 жылда кәсіпорын өндірістік желілерді кешенді жаңғыртудан өтті. Атап айтқанда, ампулалар мен инфузиялық препараттар, антибиотик ұнтақтары және қатты дәрілік заттар өндіретін цехтар жаңғыртылды. Сонымен қатар Цифрлық инженерлік және білім беру орталығы іске қосылып, Инновациялар және сапа орталығы ашылды. Бүгінде өндіріс толықтай халықаралық GMP және GDP стандарттарына сәйкес жұмыс істейді.
2025 жылдан бастап Polpharma Santo – Орталық Азиядағы Еуропалық одақтың GMP сертификатын алған алғашқы компания. Бұл кәсіпорынға Еуропалық одақ нарығына шығуға және экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жыл сайын:
1,5 млрд таблетка мен капсула;
200 млн ампула;
60 млн антибиотик құтысын;
7 млн стерильді емес ерітінді құтысын
өндіруге мүмкіндік береді.
Polpharma Santo – фармацевтика саласындағы ірі салық төлеушілердің бірі, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі, импортты алмастыру және өндірісті жергілікті деңгейде дамыту бағдарламаларының белсенді қатысушысы.




