Air Astana Алматы мен Астанадан Салалаға (Оман) жаңа тікелей рейстерге билет сатуды бастады

Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Салалаға (Оман Сұлтандығы) тікелей тұрақты рейстерге билеттерді сата бастағанын хабарлайды. Ұшу 2026 жылдың қазан айының соңында басталады.
Рейстер заманауи Airbus A320 әуе кемелерінде орындалады.
Алматыдан Салалаға (KC8267) және Алматыға (KC8268) қайтар рейстер 2026 жылғы 23 қазанда басталады және жұма күндері орындалады. Бірінші рейс Алматыдан 10:05-те Салалаға15: 15-те ұшады, ал қайтар рейс Салалаға 16:25-те ұшып, Алматыға 22:55-те келеді. 2026 жылғы 30 қазаннан бастап Алматыдан ұшу уақыты 07:30-ға ауысады (12:40-та ұшып келу), ал Салаладан қайтар рейс 13:50-де ұшып, Алматыға 20:20-да келеді.
Астанадан Салалаға (KC8269) және Астанаға (KC8270) қайтар рейстер 2026 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері орындалады. Астанадан Салалаға сағат 08:35-те ұшып шығып, 14:40-та Салалаға ұшып келеді. Салаладан қайтар рейс сағат 16:00-де ұшып, Астанаға 23:25-те келеді.
Алматы-Салала-Алматы авиабилетінің ең төменгі құны эконом-класта 239 486 теңгені, бизнес-класта 621 849 теңгені, Астана-Салала-Астана бағыты бойынша тиісінше 266 330 теңгені және 612 917 теңгені құрайды.
Билеттер Air Astana әуе компаниясының сайтында және қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген агенттіктерде қолжетімді.
Қазақстандықтарға Оманға 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат.




