Электросамокаттардың қатысуымен болған ЖКО Қазақстандағы барлық апаттардың 0,33%-ын құрады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің 2026 жылғы 9 айдағы ресми деректеріне сәйкес, электросамокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының үлесі өте төмен күйінде қалып отыр және ел жолдарындағы жалпы апаттар санының 1%-дан аз бөлігін құрайды.
Жарияланған статистика Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысының негізгі қатысушылары арасындағы апаттылықтың шынайы үлестірімін анық көрсетіп отыр:
- Жеңіл автокөліктер: 19 223 ЖКО (88,41%);
- Автобустар: 858 ЖКО (3,95%);
- Жүк көліктері: 589 ЖКО (2,71%);
- Мопедтер: 584 ЖКО (2,69%);
- Велосипедтер: 266 ЖКО (1,22%);
- Шағын электр көліктері (самокаттар мен мопедтерді қоспағанда): 152 ЖКО (0,70%);
- Электросамокаттар: 71 ЖКО (0,33%).
Дереккөз: ҚР БП ҚСжАЕК
JET компаниясы маңызды құқықтық және техникалық шектеулерге ерекше назар аударады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, электросамокат болып тек максималды жобалық жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын екі дөңгелекті көлік құралы ғана танылады. Жолдардағы басты қауіпті құқықтық өрістен тыс пайдаланылатын, бағдарламалық жылдамдық шектеулері, пайдаланушыларды сәйкестендіру және верификациялау жүйелері жоқ қуатты жеке аппараттар тудырады.
«Бас прокуратураның цифрлары біздің іштен көріп жүргенімізді толық растайды: жалпы ЖКО құрылымында шерингтік электросамокаттардың үлесіне тек пайыздың бір бөлігі ғана тиеселі. Бұл кездейсоқтық емес, жүйелі жұмыстың нәтижесі – самокаттарымыздың жылдамдығы электроника арқылы қатаң түрде 25 км/сағ дейін шектелген, әрбір пайдаланушы верификациядан өтіп, аккаунт арқылы сәйкестендіріледі, ал паркіміз жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетуден өтіп, заңнаманың барлық талаптарына сай келеді. Жеке электросамокаттар нарығындағы жағдай мүлдем басқа: бұл сегментке жиі бағдарламалық жылдамдық шектеулері жоқ, пайдаланушыны ешқандай сәйкестендірусіз және реттеушілердің бақылауынсыз қуатты құрылғылар әкелінеді. Бүгінгі таңда жолдардағы негізгі қауіп аймағын дәл осы бақылаусыз сегмент қалыптастырып отыр. Технологиялық және ұйымдастырушылық тұрғыдан алғанда, шерингтік самокат қалалық ұтқырлықтың ең қауіпсіз әрі басқарылатын түрлерінің бірі болып қала береді – өйткені ол заң аясында жұмыс істейді, заңға қарсы емес», — деп атап өтті JET компаниясының операциялық директоры Арсений Леплянин.




