Air Astana Paryz Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясына мүше болды

Air Astana әуе компаниясы Paryz Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясына кірді. Серіктестік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, еңбек қатынасын, еңбекті және адами капиталды қорғауды жетілдіруге бағытталған.

Air Astana мүшелігі шеңберінде Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ) өзара іс-қимылды, озық тәжірибемен алмасуды және еңбек заңнамасы мен әлеуметтік серіктестік тетіктерін жетілдіруге қатысуды қоса алғанда, Paryz сараптамалық және халықаралық қызметіне қатыса алады.
Авиация саласы үшін қауіпсіздік – негізгі басымдық. Қызметкерлердiң еңбек жағдайларын, кәсiби құзыреттерiн және қауiпсiздiк мәдениетiн жетiлдiру – әуе компаниясының жалпы қауiпсiздiк жүйесiнiң маңызды бөлiгi және соның нәтижесiнде жолаушылар үшiн авиатасымалдардың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi.

Air Astana мен Paryz ынтымақтастығының ұзақ тарихы бар. Paryz Bridge байқауында әуе компаниясы Paryz Конфедерациясының HR-қауымдастығының нұсқасы бойынша еліміздің үздік жұмыс берушілері арасында үшінші орынды иеленді.

Paryz-ға кіру ынтымақтастықтың жаңа кезеңі болады және Air Astana Қазақстанның жетекші жұмыс берушілерімен және еңбек, қауіпсіздік және әлеуметтік әріптестік саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.