Яндекс.Карта қазақ тілінде сөйлейді
Яндекс Карты навигациялық қолданбасына Қазақстандағы барлық пайдаланушылары қол жеткізе алады. Топонимдар мен ұйым атаулары ғана емес, қолдабаның интерфейсі, сондай-ақ маршрутты ұстануға көмектесетін дауыстық кеңестер де аударылған. Бүгінгі таңда Яндекс Карты қолданбасын Қазақстанда 2,3 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2 есе көп көлем.
Қазіргі уақытта Яндекс Карты қолданбасының жаңартулары iOS пен Android-та қолжетімді[1]. Мемлекеттік тілдің қосылуы, елдегі қазақ тілін білетін және оны күнделікті өмірде қолданатын тұрғындар үшін бұл қызметті бұрынғыдан да ыңғайлы етеді. Мысалы, ресторандар мен саябақтарға бағыт алған кезде, басқа қолданушылардың пікірі мен қоғамдық көліктердің кестесін және т.б. зерттейді.
«Біз Қазақстанның барша халқына мүмкіндігінше ыңғайлы навигациялық қолданба ұсынуға ұмтылып жатырмыз. Енді ол тек орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қолжетімді болғандықтан, біз осы мақсатқа жақындай бастадық, – дейді Яндекс Карты өнімінің халықаралық басшысы Евгений Шильников. – Дауыстық кеңестердің қазақ тілінде пайда болуының маңыздылығы туралы бөлек атап өткім келеді, өйткені оны Қазақстандағы Яндекс Карты қолданушыларының 90%-ы пайдаланады».
«Яндекс Карты — біз өз сервисімізде қолданатын технологиялар құрылымының маңызды бөлігі. Олар бізге маңызды мәселені шешуге — пайдаланушының шаруаларына тез және қолжетімді бағамен бара алуын, ал жүргізушінің желіде жолаушысыз тоқтап тұру уақытын қысқартуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Технологиялардың арқасында біз жаңа стандарттар шығара аламыз — пайдаланушылар машинаның бірден келетіндігіне үйреніп қалды. Қазір біздің Қазақстандағы сервисімізде тапсырыс берген сәттен бастап сапар басталғанға дейінгі орташа уақыт — шамамен 5 минут», — деп Тайыр Байдүйсен өз ойымен бөлісті, Қазақстандағы Яндекс Такси басшысы.
«Қазір Қазақстанда картографиялық сервистерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Яндекс Карты өз өнімін жергілікті пайдаланушылардың сұранысына қарай бейімдеді. Біз өз тарапымыздан Яндекс компаниясымен, атқарушы органдармен, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, географиялық және құрылыс нысандарының атауларын дұрыс көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Біз еліміздегі азаматтардың өмірін бұдан да жайлы ету үшін осы бағыттағы ұйымдар және сервистермен өзара әрекеттестігімізді әрі қарай жалғастыруға дайынбыз», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар басқармасының басшысы Әбдіғали Майгүл.
Қолданбаның тілін iOS-та телефон баптауында, ал дауыстық кеңестің тілін – Карты қосымшасының баптауында: «Дауыстар мен ескертулер» – «Аннотация тілі» – «Қазақша» бөлімінде ауыстыруға болады
Android-та барлығы қолданбаның ішінде ауыстырылады. Интерфейс тілін ауыстыру үшін, «Баптаулар» – «Карта және интерфейс» – «Тіл» – «Қазақша» басу керек. Ал қазақша кеңестерді қосу үшін – «Баптаулар» – «Дауыстар және ескертпелер» – «Аннотация