Глэмпинг Қазақстандағы туризм индустриясының драйверіне айналады
Табиғаттың құнды қазыналары қазақстандық экотуризм әлеміне жол ашады. Алматы облысында танымал болып келе жатқан демалыстың осы түрінің тенденциялары мен даму болашағына арналған пресс-эко-тур өткізілді. Ұйымдастырушылар экосаяхат жақын арада еліміздің бүкіл туристік индустриясының белгісіне айналатынына сенімді.
Экотуризм – әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Statista бизнес-платформасының мәліметі бойынша, 2022 жылы бүкіл әлем бойынша экотуризм индустриясы 172,4 миллиард долларға бағаланды. Сарапшылардың болжауынша, бұл сектор 2028 жылы 374,2 миллиард долларға жетеді, ал жылдық күрделі өсу қарқыны (CAGR) 13,9% құрайды.
Жаһандық үрдістер қазақстандық экотуризм саласына да әсер ететіні сөзсіз. Туристердің табиғатқа тигізетін кері әсерін барынша азайтуға ұмтылуынан тұратын саяхатшылардың экологиялық санасының өсуі басты негіз болып табылады. Танымал болып келе жатқан экологиялық туризм түрлерінің бірі глэмпинг барлық қолайлылығы бар ашық ауада демалуға жол береді.
Глэмпинг туристерді өзінің қолайлы жағдайларымен және табиғатпен жалғыздығымен тартады. Ғаламдық глэмпинг нарығының көлемі Grand View Research зерттеу компаниясының мәліметі бойынша 2022 жылы 2,73 миллиард АҚШ долларын құрайды. Ал жалпы жылдық өсу қарқыны (CAGR) 2023-2030 жылдары 10,2% болады деген болжам бар.
Бір қызығы, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Кения, Оңтүстік Африка және Жаңа Зеландия сияқты елдер глэмпингтер саны бойынша көш бастап тұр. Қазақстанда глэмпинг алаңдарының ең көп саны Алматы мен Алматы облысында бар. Жалпы саны 15.
«Гора Глэмпинг» тауларындағы қонақүйдің негізін қалаушысы Рустам Даиров:
«Қазақстан – Орталық Азиядағы экотуризм үшін ең жақсы орындардың бірі. Биік таулардан бастап шексіз далаға дейінгі алуан түрлі табиғи ландшафттарды, сондай-ақ бай мәдени мұраны әуесқойлар да, тәжірибелі саяхатшылар да ерекше бағалайды. Тұрақты және жауапты туризмге өсіп келе жатқан қызығушылықты, сондай-ақ бірегей және шынайы саяхат тәжірибесіне сұранысты ескере отырып, біздің туристік индустрияны дамытудың драйвері ретінде глэмпингтің әлеуеті анық. Экологиялық тұрақты туризмді ынталандыру, глэмпинг алаңдарының сапалы инфрақұрылымын құру, осы салаға инвестиция тарту – осының барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға, ШОБ-ты дамытуға, сондай-ақ отандық туристерді де, шетелдік туристерді де тартуға септігін тигізеді».
Гора Глэмпинг – Алматыдан көлікпен 45 минуттық жерде орналасқан таудағы жаңа қонақ үй. Алаңхда жеке барбекю алаңы, терраса және моншалары бар 10 шатыр үйлер орналасқан. Іс-шараларға арналған терраса таулардың, жасыл алқаптардың және жергілікті шағын құрылымдардың тамаша көрінісін ұсынады. Тағы Гора Глэмпинг өз қонақтарына жергілікті флора мен фаунаның тұрғындарын көруге болатын жақын маңдағы көлде балық аулауды ұсынады.