«Қазхром» металлургтеріне пәтер мен автокөлік кілттері табысталды
Металлургтер күніне орай ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның барлық филиалында мерекелік іс-шаралар өтті. Мыңнан аса қазхромдық түрлі дәрежедегі марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Қазақстандық ферроқорытпашыларды әр өңірдегі филиал басшылары мен әлемнің әр түкпіріндегі серіктестер құттықтады.
Төл мереке қарсаңында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұйымдастыруымен Ақтөбеде «Ферроқорытпа саласындағы трансформация: сын-қатерлер мен трендтер» атты алғашқы халықаралық конференция өтті. Зауыт мамандары Қ.Жұбанов атындағы университет алаңында Канада, Еуропа, Ресей және Африкадан келген сарапшыларға тұрақты ток пештерін 80 МВт қуатқа шығару тәжірибесін көрсетті.
– Бізге бір орында тұрып қалмай, алға қарай жылжу, үнемі технологияларды дамытып, мықты деген ең үздік жобаларды енгізіп, Қазақстанның жас кадрларын дамыту аса маңызды, — деді «Қазхром»ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев. – Сондықтан біз үздік мамандар тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болатын, ал студенттер мен ғылыми қауымдастықтар металлургия саласының жаңалықтарын жергілікті мамандардан көріп қана қоймай, шетелдік әріптестердің де жұмысымен таныса алатындай диалог алаңын құру бастамасын қолға алдық.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – Қазақстандағы қара металлургияның тұңғышы. Биыл ол өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Кәсіпорын өңір мен еліміздің экономикасына сүбелі үлес қосып қана қоймай, өнеркәсіптің дамуына да септесіп келеді. Бұл – жобалық қуаты — 72 МВт тұрақты ток пештерін пайдаланатын әлемдегі жалғыз зауыт. Мұнда өндірісті жаңғыртуға, қуатты арттыруға және экологияға байланысты ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Шетелдік әріптестер қазақстандық мамандардың өндірістік жетістіктерін жоғары бағалады.
Мерекелік апта «Қазхром» кәсіпорындарының: Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыты, Дөң тау-кен байыту комбинаты және «Қазмарганец» кен басқармасының цехтарында өндіріс ардагерлеріне құрмет көрсетуден басталды. Ақтөбе мен Ақсуда мерекелік шара қала деңгейінде өтіп, металлургтерді құттықтауға мыңдаған адам жиналды. Қазақстан эстрада жұлдыздары қала тұрғындарына әсем әуендерін шырқады.
– Биыл біздің ферроқорытпашылар зауытында айтулы күндер көп. Өмірлерін күрделі кәсіп – еліміздің алпауыт металлургия саласына арнап, ERG компаниясымен байланыстырған 10 мыңнан аса қызметкеріміздің туған-туыстары мен жақындары олармен мақтанады, — деді Бақылау кеңесінің төрағасы, ERG Директорлар кеңесінің мүшесі Ибрагимов Шухрат. – Сондықтан металлургтер күні әлдеқашан жалпы қалалық мерекеге айналып үлгерді. ERG үшін туған қалаларымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету – корпоративтік жауапкершіліктің негізі. Қаладағы шығармашылық академиясы, «Тұрғын үй қалашығындағы» жаңарған тұрғын үйлер, Жеңіс аллесын қайта жаңғырту, Қ.Жұбанов университетінің материлдық-техникалық базасын нығайту және қала бойынша спорт және ойына алаңдарын тұрғызу – компанияның қолдауымен салынған нысандар.
Салтанатты шара кезінде мыңнан аса қазхромдыққа түрлі дәрежедегі марапаттар табыс етілді. Мерейтойын қарсы алған Ақтөбе ферроқортыпа зауытының он қызметкері Chevrolet Cobalt автокөлігінің кілтіне ие болды.
– Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек етіп келе жатқаныма биыл тура 40 жыл. Соңына дейін қандай марапат екенін білмедім. Әріптестерім секілді Алғыс хатқа ие боламын деп ойладым. Алайда көлік кілтін табыстағандағы сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сондай бақытты болдым. Негізі көлік жүргізбеймін, енді ғана жүргізуші куәлігіне оқып жүрмін. Бірақ өндірістегі алып крандарды тізгіндеп жүргенде, автокөлікті меңгеріп алатыныма сенімдімін, — деп шихта дайындау цехының металлургиялық өндірістің кран машинисі Жаныл Хакимова қуанышымен бөлісті.
Ақсу ферроқорытпа зауытында 11 қызметкер үйлі болды. Жаңа пәтер иелеріне кілтті кәсіпорынның алғашқы жетекшілері мен Отбасы банк басшылары табыстады. Еуразиялықтар үшін бастапқы жарнасыз, жалдау-жинақтаушы механизмі негізінде пәтерлер ұсынылды.
– Мен колледжді тәмамдай сала, 19 жасымда осы Ақсу ферроқорытпа зауытына жұмысқа тұрдым. Мұндағы тәжірибелі тәлімгерлерім мамандықты толық меңгеріп, осы ортағы сіңісіп кетуіме барынша септесті,- деді №6 балқыту цехының электр монтері Рамазан Макшаров. – Оның үстіне зауытта жастардың жұмысқа бейімделуіне барынша жағдай жасалған. Волонтерлер қатарына қосылып, спорт үйірмелерін барып, Жастар кеңесінің қатарына қабылдандым. «ERG-дің тұрғын үй бағдарламасы аясында сатып алатын үйдің кілтін тапсырады» дегенде алдымен таң қалдым. Сосын қатты қуандым. Ісіңе жауыпты, алдыңа қойған мақсаттарың бар болса, мұнда жас мамандарды бағалап, барынша қолдайды деп нық сеніммен айта аламын.