Автокөлікпен жүруге арналған Қазақстандағы танымал 9 қала аралық бағыттар
Жаз – саяхаттауға мінсіз уақыт. Әсіресе, Қазақстан сияқты табиғаты көркем елде. inDrive жаһандық rөлік және қала қызметтері платформасы көптеген жылдар бойы елдегі ең танымал қалааралық сапарлар сервисі болып табылады. Екінші жыл қатарынан inDrive Қазақстандағы ең танымал қалааралық маршруттардың рейтингін жариялап отыр.
Ең танымал 9 қала аралық бағыт:
1. Астана – Қарағанды (262 км, 4,5 сағат, 4000 теңге).
Бағыт негізінен іскерлік және жұмыс сапарлары үшін пайдаланылады, әсіресе демалыс күндерінің алдында және одан кейін өте танымал.
2. Павлодар – Ақсу (44 км, 1 сағат, 1500 теңге).
Ұсынылғандардың ішіндегі ең қысқа бағыт және оның танымалдығының себебі, Ақсуда вахтамен жұмыс істейтіндер көп, ал Павлодарда әуежай бар. Аталмыш бағыттың ұзындығының аздығы оны автокөлікпен жүріп өту үшін оңтайлы болып табылады.
3. Алматы – Талдықорған (270 км, 4,5 сағат, 3000-4000 теңге).
Талдықорған – 150 мыңға жуық халқы бар қала, бұл бағыттың танымалдығы да іскерлік және жұмыс белсенділігімен байланысты. Ал Алматы тұрғындары Талдықорғанға Қаратал өзеніне суға түсу үшін немесе Жоңғар Алатауының көріністерін тамашалау үшін бара алады.
4. Алматы – Шымкент (673 км, 9,5 сағат, 6000 теңге).
Танымал маршруттардың ішіндегі ең ұзыны. Екі ірі қала бір-бірімен тығыз байланысты және Алматыға немесе Шымкентке келгісі келетіндердің саны көп.
5. Шымкент – Түркістан (171 км, 3 сағат, 2500 теңге).
Түркістан — Қазақстанның ең көне қалаларының және ең танымал туристік локациялардың бірі. Оған жақын орналасқан ежелгі және ортағасырлық елді мекендерді көргісі келетіндердің саны жылдан жылға азайып жатқан жоқ.
6. Алматы – Тараз (493 км, 8 сағат, 5000 теңге).
Тараз — еліміздегі ең көне қалалардың бірі, оны «Қазақстандағы ислам мәдениетінің бесігі» деп те атайды. Мұнда көптеген көрікті жерлер бар, сонымен қатар ол Алматы мен Шымкенттің ортасында орналасқан.
7. Астана – Көкшетау (313 км, 4,5 сағат, 4500 теңге).
Көкшетау — бай тарихы бар қала. Мұнда көптеген сәулет ескерткіштері бар, тау шаңғысы курорттарына, жағажайларға және тіпті бұлақ көздеріне баруға болады.
8. Алматы – Қонаев (74 км, 1,5 сағат, 2000 теңге).
Қонаев Іле өзенінің жағасында орналасқан. Мұнда су қоймасының жағасында халық арасында танымал жағажайлар бар, сондай-ақ дәл осы жерде Қазақстандағы ең ірі құмар ойын аймағы орналасқан.
9. Алматы – Жаркент (313 км, 3,5 сағат, 4000 теңге).
Кезінде Жаркент арқылы Қазақстан аумағына Ұлы Жібек жолы кірген болатын. Сондай-ақ, мұнда XIX ғасырда әйгілі қытай стилінде салынған ағаш мешіт орналасқан.
inDrive.Қалааралық қалааралық сапарды тез және оңай жоспарлауға мүмкіндік береді. Оның басты ерекшелігі — бұл жерде жүргізуші мен жолаушы сапардың бағасы мен басқа да мәліметтерін өзара келіседі. Бұндай модель жолаушылар үшін inDrive-пен сапарларды ең ыңғайлы етеді, ал нарықтағы ең төменгі сервистік алым жүргізушілер үшін барынша тиімді болады.
Қауіпсіздік — компания үшін басты басымдық. Жүргізушілер құжаттарды тексеруден өтсе, барлық жолаушылар міндетті тіркеуден өтеді. Өзара пікірлер мен рейтингтер жүйесі, сондай-ақ жедел қоңырау шалу мүмкіндігі бар.