Efes Art Space алаңында Елдос Аманның жеке көрмесі ашылды
«EFES Kazakhstan» компаниясының кеңсесінде өнер мен мәдениетті қолдау аясында өткізілетін Efes Art Space жобасы өз жұмысын жалғастырып келеді. Әр ай сайын өткізілетін көрменің кезекті авторы жас суретші Елдос Аман.
«Кенептен тыс» деп аталатын көрме соңғы үш жылда үлкен өзгерістерге тап болған әлемді бейнелейді. Барлық оқиғалар бізді өз-өзімізді жəне құндылықтарымызды жеке деңгейде қайта қарауға, өзімізді жəне айналамыздағы адамдарды зерделеп, қажетті жауаптытабуға мəжбүр етеді. Осындай жауаптардың бірі өнер болып отыр.
Көрме кураторы Ольга Веселова:
«Өз өнерін жаңадан бастап жүрген суретші Елдос Аман болмысты соңғы бірнеше жылда көркемөнер объектілерін жасау арқылы зерттей бастады. Елдостың туындылары – көркемдік тəжірибе арқылы материалды зерделеу мен кейіпкер сезімін жеткізудің үйлесімі. Автордың əрбір шығармасының артындатіріадам тұр. Суретшінің өзі айтқандай, оның көп суретінде əр түрлі адамдар:музыкаға əуес жандар, жазушылар, суретшілер жəне т.б. бейнелген жəне олардың сезімі мен болмысы көрініс тапқан. Адамның айтқансөзіне жəне бойын билеген сезіміне қарап тікелей салынған суреттер де бар. Көрмеден Елдостың өзінің эмоциясы негізінде жасалған туындылардыда кездестіруге болады»
Елдос Аманның Efes Art Space кеңістігіндегі көрмесі қыркүйек айының 10-ы жұлдызына дейін жалғасады. Көрме демалыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында өтеді. Кіру тегін