«ССКӨБ» АҚ Қостанай облысының мектептеріне 20 заманауи интерактивті панелін тарту етті
Жаңа оқу жылы қарсаңында қаланың 20 мектебі, соның ішінде Қашар және Перцовка ауылдары ERG компаниясынан интерактивті панельдер алды. Сыйлықты Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «ССКӨБ» АҚ өкілдері табыс етті.
Рудныйда қаланың білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Пленарлық тамыз кеңесі өтті. Кездесуде былтырғы оқу жылының қорытындысы мен жетістіктер талқыланып, проблемалық мәселелер сөз болды. Атап айтқанда: педагогтар тапшылығы, «Алтын белгі» иегерлері санының азаюы және тағы басқалар.
Пленарлық бөлімнен кейін «ССКӨБ» АҚ Персонал және мәдениет жөніндегі директоры Тимур Тайғамбаев мектеп директорларына интерактивті панельдерге сертификаттарды тапсырды. Әр мектепке жеке сертификат.
– Әлеуметтік жауапкершілігі аясында ERG компаниясы білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Осы саладағы корпоративтік бастамалардың бірі – Қостанай облысының білім беру мекемелеріне соңғы буын интерактивті панельдерін сатып алу, — деді Тимур Тайғамбаев. – Бүгінгі таңда біз мектептерге беретін интерактивті панельдердің техникалық параметрлері мұғалімдерге оқу процесін одан да жеңіл әрі қызықты етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Ал осындай инновациялық технологиялар арқылы алынған білім балаларды баурап алып, сабақтар туралы ең жақсы әсер қалдырады.
Тимур Тайғамбаев панельдерді реті келсе, бастауыш сыныптарына орнатуды ұсынды. Өйткені, бұл буындағы оқушылар – Альфа буынының балалары. Олар бүкіләлемдік ғаламторда өмір сүреді және көбінесе желіге, цифрлық әлемге бейім.
– Бұл күтпеген жағдай болды. Мектепке зор демеу, — деді №17 орта мектептің директоры Дина Мақұшева. – Білім беру процесі уақыт табалына ілесе жүруі керек. Цифрландыру әлемінде бізге осындай жабдық қажет. Біз бұл панельді бірінші сынып оқушыларына қоямыз. Менің ойымша, бұл оқу сапасына оң әсер етеді. ERG басшылығына көптен-көп рахмет!
ERG – әлеуметтік жауапты компания. Мектептер мен колледждерді қолдау жобасы бір реттік акция емес. Топ кәсіпорындары орналасқан қалаларда білім беруді, медицина мен мәдениетті дамытуға жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Мұндай игі дәстүрлер алдағы уақытта жалғасады.