«ССКӨБ» АҚ еліміздегі ең ірі 50 салық төлеушінің қатарына енді
ESGQ рейтинг агенттігінің деректері бойынша «ССКӨБ» АҚ қазақстандық ECS–рейтингке кірді. Бұл Eurasian Resources Group-тің (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі Қазақстандағы өзекті ESG саласына баса мән беретін әрі қызметі туралы ақпаратты жариялап отыратын қоғам мен мемлекет алдында барынша жауапты ірі салық төлеуші санатында екенін білдіреді.
ESGQ рейтинг агенттігі атап өткендей, ССКӨБ сияқты ірі салық төлеушілер ел бюджетіне тікелей салық аударымдарынан бөлек, ұлттық экономикаға басқа жолдармен елеулі үлес қосады. Шолу ірі бизнестің ESG қағидаттарына қатысты міндеттемесі жайлы зерттеу нәтижелері бойынша құрастырылған. Зерттеу нысаны – FinReviem.info талдаушылар дайындаған 2021 жылғы Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің рейтингіне енген 50 компания. Кәсіпорындардың қызметі балдық жүйемен (ең көбі 20) бағаланды: қоршаған ортаны қорғау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, корпоративтік басқару және орнықты даму саласындағы қызмет туралы жалпы ақпарат.
ERG басшылығының қолдауымен ССКӨБ-де темір кені өнімдерінің экспортын жаңа өткізу нарықтарына, оның ішінде Еуропаға қайта бағдарлау мәселелері шешілуде.
Еуропалық нарыққа шығу үшін 2022 жылдың қыркүйегінде құрамындағы темір мөлшері 65% жоғары шекемтастардың сынама топтамасы шығарылды. Жаңа өнімнің сипаттамаларын растайтын халықаралық сертификат алынды.
Стратегиялық міндет – өнеркәсіп кешеніндегі байыту учаскесін қайта құрылымдау. Бұл концентраттағы темірдің мөлшерін арттырады, тиісінше, темірдің мөлшері шекемтастарда артады.
Бүгінде ыстық брикетті темір өндіру зауытын салу жобасы пысықталып жатыр. ЫБТ – Қазақстандағы көміртексіз «жасыл болат» өндірісінің алғашқы қадамы. Бұл өте маңызды жоба, оны жүзеге асыру үшін мемлекеттің қолдауы қажет.
Өндіріс көлемінің төмендеуі, шикізат пен жабдықты жеткізудің кешігуі сынды бірқатар күрделі жағдайларға қарамастан, ССКӨБ жұмыс орындарын сақтап, инвестициялық жобаларды енгізуде.
Компанияның негізгі құндылықтарының бірі – Қауіпсіздік. Сондықтан кәсіпорында еңбекті қорғау мен өнеркәсіп қауіпсіздігінің озық тәжірибелері енгізілуде. Басты мақсат – жұмыскерлердің саналы және қауіпсіз қызметі. Бұл жұмысшылардың денсаулығын сақтау жүйесін жақсарту міндеттерін іске асырудағы маңызды қадамдар.
Кәсіпорын 2031 жылға дейінгі мерзімді қамтитын Атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі экостратегияны белсенді іске асырып келеді. Жоспарланған инвестициялар көлемі – 22 млрд. теңге. Негізгі жобалардың ішінде Рудный электр станциясын ауқымды қайта құрылымдау, Қашар жылу орталығын көмірден газға ауыстыру, қала мен оның айналасын жаппай көгалдандыру (2022 жылы – 13 300 ағаш).
ССКӨБ – әлеуметтік жауапты компания, тұрақты даму қағидаттарын сақтайды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорын басшылығы мен бірлестіктің кәсіподақ комитеті арасында жасалған жаңа Ұжымдық шарт күшіне енген. Жаңартылған құжат әлеуметтік бағдарланған, мүдделі тараптардың тілектерін, сондай-ақ ERG кәсіпорындарының үздік тәжірибелерін ескере отырып әзірленген. Ұжымдық шарттың бірқатар артықшылықтары бар: жаңа редакцияда кәсіпорынның жұмыскерлері мен зейнеткерлеріне арналған әлеуметтік пакет сақталып қана қоймай, көбейді.
Қызметкерлерге арналған қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалар:
- сыйақылар, материалдық көмек;
- негізгі кәсіп жұмыскерлеріне тегін арнайы тамақтану;
- көп балалы отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға көмек;
- жас мамандарды қолдау;
- зейнеткерлерді қолдау. Ардагерлер ұйымдары жұмыс істейді.
- жұмыскерлердің балалары мен қызметкерлердің өздері компания есебінен жоғары білім алуға мүмкіндік алады.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне кәсіпорын ірі іс-шаралар ұйымдастырады: кәсіби және мемлекеттік мерекелер, туристік слеттер, балалар жаңа жылдық ертеңгіліктері, КТК фестивальдері, жазғы және қысқы спартакиадалар және т. б.
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға 2022 жылы 5 054 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған.
Жылдан жылға әлеуметтік міндеттемелер көлемі артып келеді. Дәстүрлі түрде қаражат Қостанай облысының маңызды әлеуметтік жобаларына, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына бағытталды.
2017 жылдан бастап ERG кәсіпорындары орналақсан аймақтардың тұрғындары арасында тұрақты сауалнамалар жүргізіп келеді. Оның ішінде өңірде қандай әлеуметтік инфрақұрылым нысандары қажет екені туралы сұрақ қойылады. Қала тұрғындарының өздері қаланы абаттандыруға «Tugan Qala» патисипаторлық бюджеттеу жобасына қатысу арқылы үлес қоса алады. Осы бастама аясында Рудный тұрғындары абаттандыру жобаларын өздері ұсынып, дауыс беру арқылы кейіннен іске асыру үшін ең жақсыларын анықтады. Рудныйлықтар 17 нысанның сыртқы түрі мен функционалдығын ұсынды және сарапшылардың көмегімен оларды жетілдіріп жоба ретінде пысықтады. Олардың ішінде спорт алаңдары мен рекреациялық аймақтар салу, «Алексеев қонысы» сәулет ескерткішін қалпына келтіру де бар. Жобаларды іске асыру осы жылға жоспарланған. Олардың жалпы бюджеті – 100 миллион теңге.
Бұл – ССКӨБ-де жүргізіліп жатқан жұмыстың тек бір бөлігі. Сарапшылар барлығын зерттеп, нәтижесінде ССКӨБ – 16,5 балл алды. Сөйтіп, 50 ең ірі салық төлеуші арасынан 18-ші орынға тұрақтады.