«Дене шынықтыру және спорт» бағыты бойынша ұстаздарды дайындау жұмыстары арттып келеді
ҚР ТСМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Қазақстанда «Дене шынықтыру және спорт» бағыты бойынша педагог кадрларды даярлауды 38 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
2022-2023 оқу жылының қорытындысына сай осы бағыт бойынша 6984 адам оқу тәмамдап, түлек атанды, оның ішінде 780 адам мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқу бітірді, магистрлер – 231 адам, оның ішінде 65 адам – мемлекеттік тапсырыс бойынша, 10 түлек PhD докторы атанды, оның 6-ы мемлекеттік грант иегерлері.
Мониторинг қорытындысы бойынша кадрларды жұмысқа орналастыру деңгейі 75,6% — құрайды, оның ішінде 92,2% — ды мемлекеттік білім беру тапсырысының түлектері құрап отыр.
«Жыл сайын «Дене шынықтыру және спорт» педагогикалық бағытын 2 мыңға жуық адам таңдайды. Бұл, ең алдымен, жоғары оқу орындары халықаралық тәжірибені ескере отырып және негізгі жұмыс берушілерді тарта отырып, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлейтіндігіне байланысты. Бұл тәсіл білім беру процесіне «Дене шынықтыру және спорттық менеджмент», «Спорттық психология», «Спорттық құқық», «Спорттық медицина» және басқа да бағдарламаларды енгізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ қазіргі таңда бейімделетін дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған пәндер енгізіліп жатыр.
«Спорт» сияқты даярлау бағытын енгізу арқылы ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыты классификаторын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бұл болашақ жаттықтырушылар мен спортшыларды, оның ішінде жоғары жетістіктер спорты мен олимпиадалық резервті даярлау үшін кәсіби даярлауға мүмкіндік береді.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлігінде Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру маңызды мәселе болып қала береді. Қазақстандағы ұлттық спорт түрлері -спорт пен дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу және ұлттық тарих пен дәстүрді құрметтеу арқылы жастарды тарту және халықтың денсаулығын нығайту факторы. Қазірдің өзінде қазақ күресі мен үстел спорты (шахмат) түрлері бойынша педагог-жаттықтырушыларды даярлауға арналған білім беру бағдарламалары бар және іске асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар спорт федерациялары мен клубтардың сұранысына сай жасалған.
Әрине, министрлік алдағы уақытта да біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырады, биыл бұл курстардан 500-ге жуық адам өтті», — деп атап өтті ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.