Семейдегі Шәкәрім университетінде атом энергетикасы тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде «Қазақстанда атом энергетикасының даму перспективалары» тақырыбында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Бас директоры Тимур Жантикиннің көшбасшылық дәрісі өтті.
Дәрісте атом энергетикасының мүмкіндіктері, елімізде АЭС құрылысы жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен айтылды.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мақсат Карибаев Шәкәрім университетінде атом энергетикасы саласына мамандар даяралу алғаш рет 1996 жылдары қолға алынғанын айтып өтті. Қазір де білім бағдарламасында болашақ атомшыларды дайындау жалғасын тапқан. Мамандарды дайындау бакалавр, магистратура және докторантура сатыларында жүргізіледі.
Дәріске сонымен қатар Ғылым департаментінің директоры Шыңғыс Сүлейменов, Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Гүлнұр Нұрымхан және «Техникалық физика және жылу энергетика» кафедрасының меңгерушісі Ольга Степанова, сонымен қатар University of Pannonia (Венгрия) ғалымы, шетелдік профессор Татьяна Жузсакова және факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер және модераторлық еткен профессор Асқар Қасымов қатысты. Жалпы екі жүзге жуық қатысушы жиналған дәрісте студенттер сұрақтарын жолдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
«Қазақстанда атом энергетикасының даму перспективалары» тақырыбында өткен көшбасшылық дәріс барысында Инженерлік-технологиялық факультетінің оқудағы ең үздік студенттерін қолдау және атом саласының болашақ мамандарын ынталандыру мақсатында «ҚАЭС» тарапынан бағалы сертификаттар табысталды.
Сертификат иегерлері:
1. Мухаметрахымова Дина Жаныбекқызы, «Техникалық физика» мамандығы, 4 курс;
2. Үсен Ерасыл Мейрамғазыұлы, «Жылуэнергетика» мамандығы, 4 курс;
3. Артёмова Екатерина Владимировна, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 4 курс.
Болашақ мамандарға пайдалы әрі маңызды тақырыпта өткен дәріс үшін Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Гүлнұр Нұрымхан «ҚАЭС» бас директоры Тимур Жантикинге алғысын жеткізіп, естелік сыйлыққа Шәкәрім кітабын табыс етті.