Air Astana «Upcycling for the Future» көрмесі ашылды
Air Astana «Upcycling for the Future» көрмесі бизнес-серіктесі ЦентрКредит Банк қолдауымен және алаңында тағы да ашылды.
Көрме әуекомпанияның бастамасымен Boeing 767, Airbus A320 және Embraer 190 ұшағының бөлшектері мен борттық атрибутикасынан жасалған концептуалды жиһаз жинағынан тұрады.
Қанаттардың және тұмсықтың бөліктері, жүк сөрелері, пайдаланылған эконом және бизнес-класс креслолары қайта өңделіп, жаңа өмірді тапты.
«Upcycling for the Future» жобасы қоғамды тұрақты даму қағидаттарын ұстануға және қоршаған ортаға әсерді азайту үшін материалдарды қайта пайдалануға ұмтылуға шабыттандырады.
Сәкен Нығмашев, ЦентрКредит Банкінің PR директоры: «Біз Air Astana-ның экологиялық тұрақты болашақты құру бойынша бастамасын қолдаймыз және қазақстандық бизнеске ESG озық тәжірибесін енгізудің ортақ мақсатына қосыламыз. Алматылықтар мен қала қонақтарын осы концептуалды көрмені көруге шақырамыз, мұнда әрбір адам авиация әлемін жаңаша ашады.»
Көрме 10 қаңтардан бастап, жұмыс күндері (9:00 – 18:00) Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38 мекен-жайында орналасқан Банктің бас кеңсесінде өтеді. Air Astana «Upcycling for the Future» көрмесін алғаш рет 2022 жылы Essentai Gallery көрме залында көпшілікке ұсынды.