NU мен Финляндия университеттері жасаған оқытушыларға арналған бағдарлама іске қосылды.

Дүниежүзілік банк пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсеткен «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» атты ауқымды жобаның мақсаты – педагогикалық оқытудың жетілдірілген моделін енгізу және 30 білім беру бағдарламасын бейімдеу.
«Министрлік өткен жыл бойы мұғалімдердің білімін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Жеке тұжырымдама қабылданды. Педагогикалық университеттердің арнайы жұмыс тобы NU-мен бірлесіп, осы тұжырымдама аясында Дүниежүзілік банк жобаларын жүзеге асыруға қатысқан Финляндиядан келген серіктестермен жұмыс жасады. Қазір жобаны ауқымды жүзеге асыру кезеңі – ЖОО оқытушылары арасында білімді тарату кезеңі басталады. Ескі мазмұнмен жаңа мәселелерді шешу мүмкін емес. Бұл біздің ұжымдық шешімді қажет ететін үлкен процесс», — деді бейнебайланыс арқылы қатысушыларды қарсы алған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Жоба онлайн және офлайн форматтарында өтіп, 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жалғасады. Оқу барысында 1800 оқытушы қазіргі заманғы мұғалімдердің білім беру тенденциялары, студентке бағдарланған оқыту мәселелері және цифрлық педагогика бойынша өз құзыреттілігін арттырады. Сонымен қатар, сарапшылар ЖОО-ның 200 оқытушысы мен 50 ауыл мектебінің директорлары үшін білім берудегі көшбасшылық саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша тренингтер өткізеді, сонымен қатар CLIL технологиясы – пәндік-тілді кіріктірілген оқыту – ЖОО-ның 100 оқытушысы үшін тренинг өткізеді.