Халықаралық қауіпсіз интернет күні аясында ХАТУ АҚ студенттері қауіпсіздік квестінде бақ сынасты
Халықаралық қауіпсіз интернет күні қарсаңында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері атаулы оқу орнында өткізілген интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша квестке белсене ат салысты.
Іс-шара виртуалды әлемде хабардарлықты арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Студенттер әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік туралы білімдері мен дағдылары сынға түскен тартысты квестке қатысты.
Іс-шара аясында ХАТУ АҚ ректоры киберқауіпсіздік саласындағы білімнің маңыздылығын атап өтіп, студенттердің іс-шараға белсенді қатысқанына ризашылығын білдірді.
Қазақстандағы «Касперский Зертханасының» басқарушы директоры Валерий Зубанов квест жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етті. «Біз киберқауіпсіздік бойынша білімге ерекше назар аударамыз және виртуалды кеңістікті қорғау бойынша білімді одан әрі қолдануда студенттердің әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Өскелең ұрпақпен жұмыс істеу – интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті Валерий.
Халықаралық қауіпсіз интернет күні 2004 жылы Еуропалық комиссияның бастамасымен құрылды және содан бері барлық пайдаланушылар үшін қауіпсіз және жауапты интернет кеңістігін құруға бағытталған жаһандық бастама болып табылады.
Желідегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын барлығының есіне сала отырып, іс-шараға белсене қатысқан ХАТУ студенттері мен «Касперский зертханасына» алғыс айтамыз. Мұндай бастамалар болашақ ұрпақ үшін салауатты және қорғалған цифрлық ортаны құруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда, әлемде күн сайын үлкен көлемде ақпарат жиналып, өңделеді, бұл деректердің ағып кетуіне немесе ұрлануына, сондай-ақ жеке өмірге қол сұғу сияқты үлкен қауіп төндіреді. «Касперский зертханасының» сарапшылары желіде өзіңізді қалай қорғауға болатындығы туралы кеңестермен бөлісті.
Пайдаланушылар қолданбаларды, сондай-ақ қолданбалардың бейресми кеңейтілген нұсқаларынан сенімсіз көздерден жүктеп алуы жиі кездеседі, өйткені онда тартымды және ыңғайлы функционалдылығы болуы мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қауіпсіздік тәуекелдері бар: мұндай бағдарламалардың атынан зиянды бағдарлама құрылғыға кіре алады, ал кейбір жағдайларда олар жеке деректерді пайдаланушылардың келісімінсіз және рұқсатсыз жинау сияқты әрекеттар жасап, пайдаланушылардың құқықтарын бұзады.
Жеке деректерді қорғау үшін «Касперский зертханасының» мамандары ұсынады:
- Қайдан және қандай қолданбаларды жүктеп алғаныңызды мұқият қадағалаңыз. Бағдарламаларды тек ресми дүкендерден таңдау ұсынылады. Қолданбалардың қарақшылық көшірмелерін немесе бейресми нұсқаларын орнату қауіпті — олардың көмегімен зиянкестер сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізе алады. Сондай-ақ, пайдаланушылардың пікірлеріне назар аудару ұсынылады-кез-келген күдік туындаған жағдайда қолданбаны жүктемеген абзал.
- Өз құқықтарыңызды білу үшін жеке мәліметтер туралы заңнаманы зерттеңіз. Жеке деректерді қорғау үшін өз құқықтарыңызды білу маңызды. Ең алдымен, жеке деректерге қатысты өз еліңіздің заңнамасын зерделеу керек-бұл саланы қандай құжаттар реттейтінін түсіну және негізгі ережелерімен танысу қажет. Содан кейін құпиялылық саясаты қолданбада көрсетілген болса, оны мұқият қарастырған жөн. Оның қандай деректерді жинайтынына назар аударыңыз. Қолданбада маңызды мәселелер бойынша жүгінуге болатын, мысалы, жеке ақпаратыңызды жою туралы өтініш жасай алатын қолдау қызметі болғаны жөн.
- Жеке деректерді қажетсіз бөліспеңіз. Қолданбаға тек қажетті минималды деректерді берген дұрыс — өйткені қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігіне байланысты олардың ағып кету немесе заңсыз пайдалану қаупі қашанда жоғары. Сондай-ақ, деректер көпшілікке қол жетімді болғаннан кейін олардың таралуы мен қолданылуын бақылау қиынға соғатынын есте ұстаған жөн, бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Оның алдын алу үшін, егер қосымша оларсыз жұмыс істейтін болса, фотосуреттерге, байланыс нөмірлеріне, орналасқан жеріне, микрофонға және басқа ақпаратқа қолжетімділік бермеген дұрыс.
- Заманауи қорғаныс шешімдерін қолданыңыз. Олардың көмегімен сіз қолданбаларға жеке ақпаратқа қол жеткізуді бұғаттай аласыз. Сонымен қатар, олар пайдаланушыларға телефон нөмірлері мен басқа деректердің ағып кету жағдайлары туралы ескертеді және зиянды файлдарды жүктеуге жол бермейді. Мысалы, Kaspersky Premium осындай функционалдылыққа ие. Сондай-ақ, құпия сөздің көпшілікке қол жетімді екенін тексеруге мүмкіндік беретін құралдар бар.
«Киберқауіптер барған сайын көбейіп келеді, бірақ цифрлық сауаттылық ережелерін сақтау арқылы олардың көпшілігін болдырмауға болады. Ең алдымен, қырағылықты сақтау маңызды: күдікті сілтемелерге өтпеңіз, электрондық пошта мекенжайларының түпнұсқалығын мұқият тексеріңіз және тексерілмеген көздерге сенбеңіз. Сондай — ақ, біз әрқашан өз тіркеулік жазбаларыңыздың әрқайсысы үшін күрделі бірегей құпия сөздерді пайдалануды және мүмкіндігінше екі факторлы анықтап тануды қосуды ұсынамыз — бұл деректерді бұзу және олардың ағып кету қаупін айтарлықтай азайтады», — деп еске салады Валерий Зубанов, Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы «Касперский Зертханасының» басқарушы директоры.