Орал қаласындағы қоғамдық көліктер желіге шықты

Орал қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 13 ақпанда қатты көктайғақ және соның салдарынан тасымалдаушы кәсіпорындардың жол желісіне шығу мүмкіндігі болмауына байланысты қоғамдық көліктер қозғалысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта қоғамдық жол желісін құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Ақпанның 12-нен 13-не қараған түні түнгі ауысымда 16 бірлік құм себу техникасы шығарылды. Таңғы сағат 4:00-ге дейін құм өткізу жұмыстары жүргізілді, таңғы 5:00-де жұмыстар күндізгі ауысыммен жалғасты.

Сонымен қатар, қосымша 4 мобильді бригада жұмылдырылды, барлығы 1 650 тонна құм-тұз қоспасы себілді.

Қала аумағына қызмет көрсететін 6 тасымалдаушы кәсіпорында 250-260 автобус дайын. Сағат 10:30-дан бастап жергілікті уақыт бойынша көлік өз бағыттары бойынша жүре бастады, сағат 11:30-ға дейін барлық автобустар желіге шықты.