«Қазақстандық метеориттер» кітабының тұсауы кесілді

Метеорит жинаушы қазақстандық коллекционер  аспан тастары туралы ғылыми-көпшілік кітап жазып, басып шығарды.

«Қазақстандық метеориттер» кітабын қазақстандық кәсіпкер және Қазақстандағы  үлгілерге маманданған метеориттерді жинаушы Ильдар Халитов жазған.

Барлық жинақталған  ақпаратты зерттей келе, автор біздің еліміздің бірде-бір мұражайында Қазақстан аумағына құлаған метеориттердің сақталмағандығын, онда тек  шетелдік үлгілердің бар екенін анықтады.

Ильдар Халитов, кітаптың авторы:

«Метеориттерді жинай бастаған кезімде  кітап жазу ойыма келді. Мен  қазақстандық метеориттің әрқайсысы бойынша ақпарат жинадым, әжептәуір деректер базасы жинақталды. Сосын оқырмандардың көпшілігіне  танымал емес саланы  таныстыру үшін, яғни  ғарыш туралы көбірек білгісі келетін, қызығушылық танытатын адамдарға арнап  кітап жазып бере алатынымды түсіндім. Бір жағынан, жаңалықтардан  адамдар ғарыштық денелер туралы естиді, бірақ  оның  егжей-тегжейін біле бермейді. Қазақстандық метеориттер туралы  ақпарат  өте аз«

Кітапта Халықаралық метеорит базасында тіркелген Қазақстанның  23 метеориті туралы  сөз етіледі. Олардың тоғызы Ильдардың коллекциясында бар.

Статистикаға сүйенсек, планетаға түсетін 100 мың тонна метеориттік  заттың  шамамен 500-і  аспан тастары (әрқайсысының салмағы 200 г  асады) жерге түседі екен және оның тек  20  табылады.

Нарықта метеориттердің құны бір грамм үшін 1 доллардан 1000 долларға дейін  жетуі  мүмкін.

Кітапта бүкіл  қазақстандық метеориттердің табылу  тарихы, метеориттердің ғылым үшін маңыздылығы туралы баяндалады. Метеориттер  және табылған заттармен байланысты  болған адамдар туралы қызықты деректер келтірілген. Метеориттерді зерттеу арқылы Күн жүйесінің эволюциясы, планетамыздың пайда болуы туралы көптеген ақпаратты білуге болады. Кітаптың жекелеген  тараулары  метеориттік  кратерлерге, астероидтарға және кометаларға арналған.

Метеориттердің бірқатар белгілері бар, олар арқылы метеоритті бастапқы кезеңде кәдімгі жердегі тастан ажыратуға болады. Бұл атмосферада жылудың әсерінен пайда болатын  балқыған қара  қабығы. Аспан тасында  ауа қысымының әсерінен пайда болатын ойықтар көрінеді. Сондай-ақ, метеориттер құрамында металл (никель темірі)  болғандықтан,  темір немесе болаттан жасалған  заттарды өзіне  тартады.

Кітап қарапайым, түсінікті тілмен   жазылған, оқуға  жеңіл,   тек  ересектерді  ғана емес, жас оқырмандарды да қызықтыратындығы сөзсіз.

Кітапқа 200-ден астам фотосуреттер мен иллюстрациялар  енгізілген. Чикаго, Вашингтон, Париж, Вена және әлемнің басқа қалаларының мұражайлары қазақстандық метеориттердің бірегей фотосуреттерін ұсынған.

Автор сонымен қатар пайдалы ақпаратпен бөліскен әртүрлі елдердің метеорит жинаушыларымен  және зерттеушілерімен танысқан.

Кітап авторының жинағында 18 метеорит бар. Ең үлкені, салмағы 680 грамм «Маяк» метеориті Қостанай облысынан алынған.  Ең құнды үлгісі — «Абай». Бұл ежелгі қалашықтан   табылған  метеориттің фрагменті, салмағы 13 грамм. Аталмыш  метеориттің басым  бөлігі Ресейдегі жеке мұражайда сақталуда.

Ильдар Халитовтың коллекциясы Павлодар облысы Березовка ауылындағы метеориттен басталған. Бұл салмағы 620 грамм кесек. Салмағы 35 кило метеориттің өзі  Подмосковьеде, жеке мұражайда сақталуда.