ҚазҰУ – байтақ елдің бағаналы ордасы
Тарихы тереңнен орын алған Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан, қазіргі таңда 90-жылдық тарихы бар. Белестері биік білім ордасына басында Киров атындағы одан ҚазМУ, ҚазҰУ деген аттарды иемденді. ҚР қаулысымен 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деп аталды. Ұзақ әрі ұтымды жол журіп келеді, бұл мекеме.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны.
Қазіргі таңда, әл- Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті — қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды белсенді жүзеге асырып отырған, ірі халықаралық деңгейдегі ғылым, білім ордасы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ең озығы және беделдісі болып табылады.
Университеттің жаңа даму кезеңінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылып, оқу үдерісі автоматтандырылды. Жаңа жүйе барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін тәжірибелік қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі ұжымдық желі болып табылады.
Атап өтерлігі, ҚазҰУ Орталық Азиядағы бірінші университет болып «QS Жұлдыздарымен»марапатталды.Сондай-ақ,Еуропалық Одақтың жоғары дәрежедегі мамандары университеттің ғылым саласындағы үлкен жетістіктеріне жоғары баға берді.Халықаралық сараптама қорытындысы бойынша ҚазҰУ ғылыми, технологиялық және инновациялық дамуы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады.
Еліміздің жетекші университеті әлемдік рейтингінде алға ілгерілеуде белсенділік танытып отыр. Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар жоғары оқу орындарының бірі болып келеді . Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасының бірден – бір көптеген салада,кәсіби мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орны болып саналады .
Әбу – Насыр Әл – Фарабидай атамыздың атында тұрған бұл университет ,қазіргі таңда Алматы қаласының төрінде,өзінің көлемі жағынан ғана емес,сонымен қатар сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеуде, әлемдік деңгейде тұратын жоғарғы оқу орындарының қатарында.
Жалпы , Жоғарғы оқу орны – студенттерді жан –жақты дамуына , тұлға болып қалыптасуына, сонымен қатар өзі таңдаған мамандықта , салада үздік маман иесі болуы үшін барлық жағдайды жасауда . Осы қызметтердің барлығын алдына мақсат тұтып , студенттердің қолайлы, әрі алаңсыз білім алуына жағдайды жоғарғы деңгейде атқарып жатқан Қазақ Ұлттық университеті .
Университетімізде «Сұңқар» студенттік кәсіподағы, әл-Фарби атындағығылыми кітапхана, ҚазҰУ тарих мұражайы,»Қазақ университеті» газеті жұмыстарын жасауда. Яғни,студенттердің еркін білім алуларына,өздерінің дамуларына немесе тарихи ақпараттар алуларына ықпал етуде.
Ал,осы Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде көптеген факультеттер орналасқан, әр факультет өздерінің салалары бойынша студенттерді дайындап,әр мамандықтың үздігі болуларына еңбек етуде.
Атап айтсақ, 1954 жылы құрылған заң факультетінеде 70жыл толуда, көптеген жаңару мен өзгерістерді басынан өткерді. ҚР сот және құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, ІІМ, қаржы полициясы, ҚР Әділет министрлігі басқармаларының басшылары, қызметкерлері арасында осы заң факультетіміздің түлектері де бар .
Қазіргі кезде заң факультетімізде жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған оқытушылар,профессорлар мен ғылым докторлары дәрістер оқып, студенттерді өз саласының маманы болуларына күш–жігер салып қызмет атқаруда. Сонымен қатар университетімізде қазақстандық жастардан бөлек , шетелдік студенттерде білім алуда . Шет ел азаматтарының Қазақ Ұлтық университетін оның ішінде заң факультетін таңдағандары және осы жерде білім алулары университетіміздің әлемдік деңгейде, алдыңғы қатарда екендігінің көрінісі десек болады .
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беретін, студенттердің бойына жауапкершілік пен әділдікті қалыптастыратын, сонымен қатар таңдаған саласында үздік маман иесі болуына ықпал болатын университет. Мерейің үстем, болашағың жарқын бола берсін – ҚазҰУ!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу
еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы
Алкебаева Д.А.
Заң факультетінің 4 курс студенті
Мырзакулов Нұрдәуіт Бақтыбекұлы