Алматыда жазушыларға арналған Орталық Азиядағы бірден-бір резиденцияның үшінші маусымы өтеді

Алматылық ашық әдебиет мектебі халықаралық International Writing Program (IWP) жазушылық бағдарламасымен бірлесе отырып, қазақстандық жазушыларға арналған Almaty Writing Residency жобасын өткізуін хабарлайды. AWR-24 – бұл нон-фикшн мен деректі поэзия жанрларына қалам тартып жүрген авторлардың қаламдастармен араласуына, тәжірибе алмасуына, мәдениет саласындағы өзара әрекеттесуіне арналған бірегей алаң. Резиденция шеберлік сыныптарын, көпшілік алдындағы оқуларды, панельдік талқылауларды қамти отырып, қазақстандық әдеби үдеріске септігін тигізбек. Биылғы резиденцияның тақырыбы: «Нон-фикшн әдебиеті мен деректі поэзия қазақстандық бірегейлікті іздеуде».

2024 жылдың 4-9 наурыз күндері аралығында American Space & Makerspace Almaty-да өтетін көпшілік кездесулерге қатысуыңызға шақырамыз. Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280, SmArt.Point, бірінші қабат.

4 наурыз, сағат 18.00-де – AWR-24 қатысушыларының таныстырылымы, шығармашылық кездесу. Қонағы – IWP’23 қатысушысы ақын Айгерим Тажи.

5 наурыз, сағат 18.00-де – Кшиштоф Хоффманның (PhD, Польшадағы Познань қаласындағы Адам Мицкевич университеті) Рышард Капущинскийдің шығармашылығы туралы онлайн дәрісі мен пікірталас.

6 наурыз, сағат 18.00-де – Баспалар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін «Қазақстанның нон-фикшн әдебиетін жариялау мен басып шығару үрдістері» тақырыбындағы панельдік талқылау (Kursiv.media, Дергачев. Insight, Alma Review, «Cөз» баспасы, Spik.kz, «Новое поколение», «Время», «Книжный клуб» баспасы, «Зерде» баспасы, Ratel.kz, Steppe and World баспасы, Adebiportal.kz, Orda.kz, Bookexpert).

7 наурыз, сағат 18.00-де – International Writing Program (АҚШ) директоры, жазушы әрі журналист Кристофер Мерриллдің онлайн дәрісі мен пікірталас.

8 наурыз, сағат 18.00-де – қазақстандық әдебиеттегі феминизм туралы ашық пікірталас.

Кездесулер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аудармамен өтеді.

Биылғы резиденция мен өткен маусымдары туралы толық ақпарат алу үшін Almaty Writing Residency-дің ресми сайтына өтіңіз.

Сұрақтарыңыз болса, Almaty Writing Residency-дің үйлестірушісі Валерия Крутоваға хабарласуға болады: litshkola@gmail.com, +7 777 124 44 44.

Жоба Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясы мен Шеврон компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр.