«Алтын үкі» кинофестивалінің қорытынды кеші өтті
Кино өнері – өмірдегі сан түрлі құбылыстарды, әлеуметтік психологияны, тіпті бірнеше саланы қамтитын әрі оны киноэкранда көркем бейнелейтін өнер.Кино өнері әртүрлі бағытта дамиды. Аудиторияның сұранысы мен қабылдау деңгейі әртүрлі. Режиссерлардың дүниетанымы бөлек. Әр идеяның өзіндік атқаратын миссиясы бар. Әрбір жанрдың өзінің өрлеу кезеңі болатынын ескере отыра,заң саласының білім алушылары кино өнерін қалай түсінеді,шығармашылық қабілетінің қаншалықты жүйрік екенін байқау мақсатында ҚазҰУ-дың Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастырумен Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты «сапалы білім беру» және «90 жыл-90 іс-шара» аясында студенттер арасында «Dura lex, sed lex» атты қысқаметражды фильмдер кинофестивалі өтті, кинофестиваль кафедра меңгерушісі з.ғ. д., профессор Джансараева Р.Е бастамасымен екінші рет өткізіліп отыр.
Бақ сынасуға 7 қысқаметражды фильм ұсынылды. Іс-шараның мақсаты-қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру. «Алтын үкі» киносыйлығын салтанатты марапаттау рәсімі заң факультетінің 4 залында өтті. Байқауымызға қонақ ретінде кафедра меңгерушісі з.ғ. д., профессор Джансараева Р.Е. және құқық қорғау органдарының, тергеу бөлімінің қызметкерлері, сонымен қатар факультетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Бейнероликтер күдіктіні ұстау ісінің айқындылығы, тергеу әрекеті, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкестігі, бейнетүсірілім және монтаждау сапасы, сондай-ақ тапсырманы орындауға шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағаланды. Байқаудың қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалап, байқаудың қорытындысын шығарды. Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Сотқа дейінгі өндірісті іске асыру – 302 топ;
«Үздік режиссура» – 306 топ;
«Үздік әйел рөлі» – Нұрлыбек Аружан,302 топ студенті;
«Үздік ер адам рөлі» – Қапашов Әлихан, 301 топ студенті;
«Үздік сценарий» – 304 тобы;
«Үздік операторлық жұмыс» – 303 топ;
«Үздік монтаж» – 303 топ;
«Үздік фильм музыкасы» – 310 топ ПД;
«Үздік қоюшы-суретші» – 304 топ.
«Көрермен таңдауы» жүлдесі қазылар алқасының ұпайларына қарамастан Instagram желісіндегі дауыс беру нәтижесі бойынша берілді. Бұл номинацияда бір сағат ішінде 11000 қаралым жинаған 301-ші топ жеңіске жетті.
I орын: «Алтын Үкі-2024» – 305 топқа бұйырды
II орын: Гран-при – 302 топ.
III орын: қазылар алқасының жүлдесі – 301 топ.
Байқауға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп,мұндай іс-шаралар заң саласына қызығушылықты оятып,қылмыстық процесс туралы ғылымды толық зерделеуге ынтасын арттыруға,материалдарды терең меңгеруге, ұжымда жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті.
Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті
қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және
криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к
Тағайбек Қымбат
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті
қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
Жанибеков А.К ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессор м.а.,Phd докторы